Каспер Дольберг (дат. Kasper Dolberg; 6 қазан 1997 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/283196, Силькеборг, Дания) — даниялық футболшы, "Аякс" клубы мен Дания Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.

Карьерасы "Силькеборг" клубының түлегі. 2015 жылы қаңтарда "Аякспен" келісім шарт жасасты. Бұл кезде "Силькеборг" құрамында бір де ресми ойын өткізбеген-ді. Дегенмен, "Аяксқа" 2014-15 жылғы маусым біткен соң ғана ауысатындықтан, маусым біткенше "Силькеборг" сапында үш ойын өткізіп үлгерді.

Ал Ниерланды чемпионатындағы тұңғыш ойынын 2016 жылы тамызда ғана өткізді.

2016 жылдан бері Ұлттық құрама сапында ойнап келеді. 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысты.

Данияның бірнеше жастағы құрамасында ойнаған.

Жетістіктері

Командалық

«Аякс»

Нидерланд кубогы: 2018/19 УЕФА Еуропа лигасының финалисі: 2017

Индивидуалды

Нидерландыдағы футбол таланты: 2017

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі (ajax.nl)

Санат:Дания футболшылары Санат:Дания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Силькеборг ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары