Фабио Энрике Таварес (; 23 қазан 1993 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/225693, Кампинас), қысқаша Фабиньо (), — бразилиялық футболшы, "Ливерпуль" клубының жартылай қорғаушысы.

Мансабы "Паулиниа" клубының түлкегі, кейін "Флуминенсе" мектебіне ауысты. Бірақ кәсіпқой карьерасын "Риу-Аве" клубында 2012 жылы бастады. Алайда ол клубта бір ойын да өткізбестен "Реал Мадрид Кастилья" клубына жалға кетті.

2012-13 жылғы маусымда "Реал" сапында бір ойында алаңға шықты.

2013-15 жылғы маусымдарды "Монако" сапында арендада өткізді. 2015 жылы біраз тәжірибелі футболшыға айналған Фабиньюді монаколық клуб түпкілікті сатып алды.

2018 жылы жазда 45 млн. еуроға "Ливерпульге" өтті.

Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапында тым аз ойнаған. 2015, 2016 жылғы Америка кубоктарына барғанымен, қосалқы құрам ойыншысы ретінде алаңға дерлік шықпады.

Жетістіктері

Франция чемпионы: 2016/17

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Риу Аве ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары