Александр Николаевич Марочкин (14 шілде 1990 жыл) — қазақстандық футболшы, "Астана" клубының қорғаушысы. Мансабы Клубтық Іле ауданының орталығы Өтеген батыр ауылындағы "Іле-Сәулет" клубының түлегі. 2011, 2012 жылғы маусымдарды осы клуб сапында бірінші лигада өткізді де, 2014 жылы "Каспий" клубына барып қосылды.

2015 жылы "Оқжетпеске" ауысқан соң тұңғыш рет Премьер-Лигада ойнады. Бір маусымнан соң "Қайсар" футболшысы атанды. 2017 жылды тағы да "Оқжетпес" сапында өткізді де, 2018 жылы "Қайсарға" оралды.

2020 жылы 1 қаңтарда "Тобылға" ауысты. Ұлттық құрама 2019 жылы 8 маусымда құрама бапкері Михал Билек Марочкинді ЕУРО-2020 іріктеуіндегі Бельгия — Қазақстан матчына шақырды.

Екінші ойынын 2019 жылы 6 қыркүйек күні сырт алаңда Кипрге қарсы өткізді.

Жетістіктері Қазақстан кубогы: 2019 Сілтемелер Профилі

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Іле-Сәулет ФК ойыншылары Санат:Каспий ФК ойыншылары Санат:Оқжетпес ФК ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Арқалық тұлғалары Санат:Қостанай облысында туғандар