Майкл Шиан Брэдли (; 31 шілде 1987 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/30593, Принстон, Нью-Джерси штаты, АҚШ) — америкалық футболшы, АҚШ Ұлттық футбол құрамасы мен "Торонто" (Канада) клубының жартылай қорғаушысы. Карьерасы Әйгілі футбол бапкері Боб Брэдлидің ұлы.
Қазір Ұлттық құраманың да, "Торонтоның" да капитаны. 2010, 2014 жылдары әлем чемпионатына қатысқан. 2010 жылы топтық турнирде Словенияның қақпасына бір гол соғып, құраманы жеңілістен құтқарып қалды (Матч 2:2 есебімен тең аяқталды). Бұл Майклдың Әлем чемпионатындағы жалғыз голы.
Бес бірдей КОНКАКАФ Алтын кубогына қатысты (2007, 2011, 2015, 2019). Соның екеуінде (2007, 2017) чемпион атанды.
2015 жылғы КОНКАКАФ Алтын кубогының ең қымбат ойыншысы.
Карьерасында Нидерланд, Германия, Англия, Италия, АҚШ, Канада чемпионаттарында доп тепті.
Жетістіктері
Клубтық
Канада чемпионы: 2016, 2017, 2018 МЛС чемпионы: 2017
Халықаралық
КОНКАКАФ Алтын кубогының чемпионы: 2007, 2017
Жеке
АҚШ-тағы жыл футболшысы: 2015 Дереккөздер
Сілтемелер
Michael Bradley interview at fohlen-hautnah.de in German Профилі
Санат:АҚШ футболшылары Санат:АҚШ Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Нью-Йорк Ред Буллз ФК ойыншылары Санат:Херенвен ФК ойыншылары Санат:Боруссия Менхенгладбах ФК ойыншылары Санат:Астон Вилла ФК ойыншылары Санат:Кьево ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Торонто ФК ойыншылары Санат:Футболдан Солтүстік Америка чемпиондары