Джордж Таулон Манне Оппонг Усман Веа (; 1 қазан 1966 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/8542, Монровия) — либериялық футболшы, шабуылшы, саясаткер, 2018 жылғы 22 қаңтардан Либерия президенті.

Ойыншы карьерасы Футболшылық карьерасында Либерия, Кот-д'Ивуар, Камерун, Франция, Италия, Англия, БАӘ клубтарында ойнады. Оның жарқыраған шағы 90-жылдардың ортасына тұспа-тұс келді: "Милан" сапында ойнап жүріп, 1995 жылы ФИФА-ның "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алды. Веа — қара құрлықтан шыққан жалғыз "Алтын доп иегері" және ешқашан әлем чемпионатына қатыспаған футболшылар арасында да бұл тұрғыда бір өзі ғана.

"Миланнан" бөлек ПСЖ, "Монако", "Челси" секілді танымал клубтарда доп тепті.

Спорттан кеткен соң да Либерия құрамасы сапында жолдастық кездесулерге қатысып тұрды, Соңғы рет 2018 жылы құрама сапында президент ретінде бір кездесу өткізді.

Саяси карьерасы Футбол ойнауды доғарған соң саясатпен айналыса бастады. 2005 жылы президенттікке үміткер болып, Африкадағы тұңғыш әйел президент — 67 жастағы Элен Джонсон-Серлифтен жеңіліп қалды.

2017 жылы қыркүйекте тағы да президенттік сайлауға түсті. Джозеф Бокаймен бірге келесі турға өтіп, 2017 жылы желтоқсанда оны жеңді де, Либерия президенті атанды.

Жеке өмірі Әйелнің аты — Клэр Дункан-Веа, Джордж Веа, (1987), Марта и Тимоти атты үш перзенті бар. Тимоти 2018 жылдан бері АҚШ Ұлттық футбол құрамасында ойнайды.

Жетістіктері

Командалық «Майти Баролл»

Либерия чемпионы (1): 1985/86 Либерия кубогы (1): 1986

«Инвинсибл Элевен»

Либерия чемпионы (1): 1986/87

«Монако»

Франция кубогы (1): 1991

«Пари Сен-Жермен»

Франция чемпионы (1): 1993/94 Франция суперкубогы (2): 1993, 1995 Франция лига кубогы (1): 1995

«Милан»

Италия чемпионы (2): 1995/96, 1998/99

«Челси»

Англия кубогы : 2000

Жеке

ФИФА Алтын добы (1): 1995 Еуропадағы жыл футболшысы (Onze d'Or) (1): 1995 ФИФА жыл футболшысы (1): 1995 Африкадағы жыл футболшысы (3): 1989, 1994, 1995 Чемпиондар Лигасының үздік мергені (1): 1994/95 (7 гол) ФИФА 100 Golden Foot: 2005 ХХ ғасырдағы мықты футболшылар тізімінде бар «Милан» клубының құрмет залы

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі, статистикасы Футболдан кейінгі өмірі

Санат:Либерия президенттері Санат:Либерия футболшылары Санат:Либерия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Алтын доп иегерлері Санат:Майти Баррол ФК ойыншылары Санат:Африка Спорт ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Әл-Жазира Абу-Даби ФК ойыншылары