Гонсалу Мануэл Ганшинью Гедеш (; 29 тамыз 1996 жыл, Бенавенти) — португалиялық футболшы, Португалия Ұлттық футбол құрамасы мен "Валенсия" клубының шабуылшысы. 2018 жылы әлем чемпионатына, 2018/19 жылы УЕФА Ұлттар Лигасына қатысты. УЕФА Ұлттар Лигасының финалында Нидерланд құрамасының қақпасына соққан голы құрамаға жеңіс әперіп (1:0), турнир чемпионы атанды.

"Бенфика" клубының түлегі. Клуб сапындағы тұңғыш ойынын 2015 жылы 4 қаңтарда "Пенафиел" клубына қарсы өткізді. 2014/15 жылғы маусымда жалпы бес кездесуде алаңға шықты.

2017 жылы 25 қаңтарда "Пари Сен-Жерменге" ауысып, бес жылдық келісім шарт жасады.

2017/18 жылғы маусымның біраз бөлігін "Валенсияда" арендада өткізді. 2018 жылы жазда "Валенсия" футболшыны түпкілікті сатып алды.

Жетістіктері

Клубтық

Бенфика (Лиссабон)

Португалия чемпионы: 2014/15, 2015/16, 2016/17 Португалия кубогы: 2016/17 Португалия Лига кубогы: 2014/15, 2015/16 Португалия суперкубогы: 2016

Пари Сен-Жермен

Франция чемпионы: 2017/18 Франция кубогы: 2016/17 Франция спуеркубогы: 2017

Валенсия

Испания кубогы: 2018/19

Халықаралық Португалия

УЕФА Ұлттар Лигасының жеңімпазы: 2019

Дереккөздер

Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары