Альфредо Ди Стефано Лаулье (; 4 шілде 1926, Буэнос-Айрес — 7 шілде 2014, Мадрид) — аргентиналық (Испания мен Колумбияның да азаматтығын алған және ұлттық құрамаларында ойнаған) футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.

Мансабы Клубтық "Ривер Плейт" клубының түлегі. 1944 жылы 7 тамызда "Сан-Лоренсоға" қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет кәсіби футболшы ретінде алаңға шықты. Ал тұңғыш ресми ойынын 1945 жылы 15 шілдеде "Ураканға" қарсы өткізді, бұл ойында "өзендіктер" 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бұдан соң Альфредо маусым біткенше алаңға шықпады, соған қарамастан Аргентина чемпионы атанды.

1946 жылы ойын практикасын дамыту үшін "Ураканға" ауысты. Жыл бойы 24 кездесуде алаңға шықты, ал "Уракан" чемпионатта 9-орынға табан тіреді. Маусым соңында "Уракан" футболшыны өздерінде алып қалғысы да келді, бірақ жалақыға келіспеген Альфредо "Риверге" қайта оралып, 1949 жылға дейін ойнады. 1947 жылы-ақ негізгі құрамнан берік орын алып, маусым қорытындысында Аргентина чемпионатының үздік мергені атанды.

1949-53 жылдары Колумбияның "Мильонарис" клубында доп тепті. 13 тамыз күні "Депортиво Барранкилья" клубына қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Колумбиялық клуб сапында үш рет Колумбия чемпионы атанды.

1953 жылы Еуропаның атақты клубтары футболшыны өз клубтарынан көргісі келді де, Альфредоға бірнеше клуб таласты да (арасында "Барселона" мен "Реал" да бар), соңында "Реалды" таңдады. "Реал" сапында 11 маусым ойнапм, көптеген жүлделерге қол жеткізді. Сегіз дүркін Испания чемпионы, бес дүркін Чемпиондар кубогының жеңімпазы атанды.

1965 жылы "Эспаньолға" ауысты да, бір маусымнан соң 40 жасында футбол ойнауды доғарды.

1967 жылы бапкерлік жолын бастады. 1991 жылға дейін Аргентина, Испания, Португалия клубтарын жаттықтырды.

Ұлттық құрама Аргентина құрамасы сапында тұңғыш рет 1947 жылы ойнап, Оңтүстік Америка кубогына қатысты. Турнирдегі алты ойында үш гол соқты да, құрамамен бірге құрлық жеңімпазы атанды.

1953 жылы "Мильонариске" ауысқан соң Колумбия құрамасында ойнауға бел буды. Тап осы сәтте Қолумбия футбол одағы ФИФА құрамынан шығып қалды да, Альфредо тек жолдастық кездесулерде ғана алаңға шықты.

1956 жылы Испания азаматтығын алды да, Испания құрамасы сапында 4 жыл ойнап, 1960 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуіне қатысты. Испания сапында 31 ойынға қатысты, соның бірін 1960 жылы 24 шілдеде өз отанына қарсы өткізді. Бұл ойында Испания 0:2 есебімен ұтылды.

Жетістіктері

Командалық

Ойыншы ретінде Ривер Плейт

Аргентина чемпионы (2): 1945, 1947 Рио де Ла Плата кубогы (2): 1945, 1947

Мильонариос

Колумбия чемпионы (3): 1949, 1951, 1952 Колумбия кубогы: 1951/52

Реал Мадрид

Испания чемпионы (8): 1953/54, 1954/55, 1956/57, 1957/58, 1960/61, 1961/62, 1962/63, 1963/64 Испания кубогы: 1961/62 Чемпиондар Кубогы (5): 1955/56, 1956/57, 1957/58, 1958/59, 1959/60 Құрлықаралық кубок: 1960

Аргентина құрамасы

Оңтүстік Америка кубогы: 1947

Бапкер ретінде Бока Хуниорс

Арегнтина чемпионы: Насьональ 1969 Аргентина кубогы: 1969

 Валенсия

Испания чемпионы: 1970/71 Кубок иелері кубогы: 1979/80 УЕФА суперкубогы: 1980

Ривер Плейт

Аргентина чемпионы: Насьональ 1981

Реал Мадрид

Испания суперкубогы: 1991 Сантьяго Бернабеу кубогы: 1983

Жеке

Аргентина чемпионатының үздік мергені: 1947 (27 гол) Колумбия чемпионатының үздік мергені (2): 1951 (32 гол), 1952 (19 гол) Испания чемпионатының үздік мергені (5): 1954 (27 гол), 1956 (24 гол), 1957 (31 гол), 1958 (19 гол), 1959 (23 гол) «Алтын доп» иегері (2): 1957, 1959 Чемпиондар кубогының үздік мергені (2): 1958 (10 гол), 1962 (7 гол)

Дереккөздер

Сілтемелер Голдары Профиль на sportec.es Профилі (bdfutbol.com) Профилі (worldfootball.net)

Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Колумбия футболшылары Санат:Колумбия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары Санат:Мильонариос ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Эспаньол ФК ойыншылары Санат:Аргентина футбол жаттықтырушылары Санат:Испания футбол жаттықтырушылары Санат:Бока Хуниорс ФК жаттықтырушылары Санат:Валенсия ФК жаттықтырушылары Санат:Ривер Плейт ФК жаттықтырушылары Санат:Реал Мадрид ФК жаттықтырушылары Санат:Спортинг Лиссабон ФК жаттықтырушылары Санат:Эльче ФК жаттықтырушылары Санат:Алтын доп иегерлері Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Райо Вальекано ФК жаттықтырушылары