Павел Викторович Погребняк (8 қараша 1983 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/15074, Мәскеу) — ресейлік футболшы, шабуылшы. Ресей Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
Карьерасы
Клубтық Мәскеудің "Спартак" клубының түлегі. 2002 жылы кәсіпқой карьерасын бастады. Бірақ "Спартак" сапында негізгі құрам ойыншысы бола алмады, түрлі клубтарда арендада жүрді де, 2005 жылы "Томь" клубына ауысты.
2007 жылы "Зенитке" ауысты да, алғашқы маусымда Ресей чемпионы, келесі жылы УЕФА Кубогын ұтып алды.
Кейінгі карьерасында Ресей, Германия, Англия клубтарында ойнаған. 2018 жылдан бері "Орал" клубында ойнайды.
Ұлттық құрама Құрамадағы тұңғыш ойынын 2006 жылы 16 тамызда Литваға жолдастық кездесуде өткізді. 2008 жылғы Еуропа біріншілігінде бес кездесуге қатысты, бірақ финалдық турнирге жарақатының кесірінен бара алмады. 2012 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан.
Жетістіктері
Командалық
«Зенит»
Ресей чемпионы: 2007 Ресей суперкубогы: 2008 УЕФА кубогы: 2007/08 УЕФА суперкубогы 2008
«Динамо»
1 лига чемпионы: 2016/17
«Тосно»
Ресей кубогы: 2017/18
Жеке
УЕФА кубогының үздік мергені: 2007/08 (10 гол + 1 гол іріктеуде)
Дереккөздер
Сілтемелер Статистикасы (zenit-history.ru)
Санат:Ресей футболшылары Санат:Ресей Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Спартак Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Балтика ФК ойыншылары Санат:Шинник ФК ойыншылары Санат:Томь ФК ойыншылары Санат:Зенит ФК ойыншылары Санат:Штутгарт ФК ойыншылары Санат:Фулхэм ФК ойыншылары Санат:Рединг ФК ойыншылары Санат:Динамо Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Орал ФК ойыншылары