Асқар Әлирахымұлы Омарқұлов (26 шілде 1958 жыл, Алматы қаласы) — заңгер, оқытушы-жаттықтырушы маман, қазақстандық «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары.
Өмірбаяны 1958 жылы 26 шілдеде Алматы қаласында туған; 1979 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын оқытушы-жаттықтырушы мамандығы бойынша бітірген; 2004 жылы ҚР ІІМ академиясын Заңгер мамандығы бойынша бітірген; Еңбек жолын 1979 жылы БЖСМ самбо күресінен оқытушы-жаттықтырушы болып бастады; 1979 жылдың қараша айынан 1981 жылдың мамыр айына дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет өткерген; 1981-1983 Қазақ педагогикалық институтының оқытушысы; 1983-1984 «Динамо» Алматы Қоғамдық Кеңесінің нұсқаушы-әдіскері; 1984-1987 «Динамо» Қазақ Республикалық кеңесінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің нұсқаушы-әдіскері; 1987-1993 «Динамо» Қазақ РК арнайы дене дайындығы орталығының аға инспектор – әдіскері; 1993-1994 «Динамо» Қазақ РК арнайы дене дайындығы орталығы бастығының орынбасары; 1994-1997 «Динамо» Орталық кеңесінің арнайы дене дайындығы орталығының бастығы; 1997-2002 «Динамо» Алматы қалалық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары; 2002-2006 Алматы қаласы ІІД дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы; 2006-2008 «Динамо» Алматы қалалық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары; 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының «Динамо» ДШСҚ Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары; Еліміздің құрама командаларын Олимпиада ойындарына дайындау жөніндегі штабты басқарды, оны ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы мен «Динамо» ОК бірлесіп құрды.
Отбасы Әйелі – Омарқұлова Баян Қайырбекқызы. Екі қызы бар: Әсем, Сәуле. Ұлы – Мағжан.
Мансап Запастағы полиция полковнигі атағы; ҚР ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы; ҚР Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері; ҚР еңбек сіңірген дене шынықтыру және спорт қайраткері; ҚР Білім беру ісінің құрметті қайраткері; ҚР құрметті спорт қайраткері; 1-дәрежелі Олимпиадалық қозғалыстың еңбек сіңірген қайраткері.
Марапаттар «Құрмет» Ордені (2015); «Ерен еңбегі үшін» медалі (2010); Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің алтын ордені (2010); «Ресейдің қоғамдық танылуы» күміс ордені (2009); Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің алтын ордені (2018); Моңғолия Ұлттық Олимпиада комитетінің алтын ордені (2019); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001); «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медалі (2015); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл "медалі (2016); «Астана қаласына 10 жыл» медалі (2008); «Астана қаласына 20 жыл» медалі (2018); «Қазақстан Республикасы IIМ Ішкі әскерлеріне 20 жыл» медалі (2012); «Қазақстан полициясына 20 жыл» медалі (2012); «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына 25 жыл» медалі (2017); ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің «Дене шынықтыру, спорт және туризмді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі (2017); Ресей, Татарстан, Украина, Белоруссия, Қырғызстан, Моңғолия елдерінің медальдары мен құрмет белгілерін алған.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан заңгерлері