Эмерсон Феррейра да Роза (; 4 сәуір 1976https://www.national-football-teams.com/player/1015.html, Пелотас, Риу-Гранди-ду-Сул, Бразилия) — бразилиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Бразилия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
Карьерасы "Ботафого" клубының түлегі. 1993 жылы карьерасын "Гремиода" бастады. "Гремио" сапында Либертадорес кубогы мен екі дүркін Бразилия чемпиондығына қол жеткізді де, 1997 жылы "Байерге" ауысты.
"Байер" сапында үш маусым ойнады. Осы аралықта 1998 жылғы әлем чемпионатына қатысты, 1999 жылы Америка кубогының жеңімпазы атанды.
2000-04 жылдары "Ромада" ойнады. "Рома" сапында 2001 жылы Италия чемпионы атанды, 2004-06 жылдары "Ювентус" сапында да Италия чемпионы атанып еді, бірақ кейін "Кальчополи" жанжалында ол жетістіктері жоққа шықты да, "Ювентус" В сериясына түсіп кетті. Төменгі лигада ойнағысы келмеген көптеген футболшылар "Ювентустен" кетті. Эмерсон "Реал Мадрид" клубына барды. Бірақ бір маусым ғана ойнап, Италияға қайта келді.
Кейін "Милан" мен "Сантоста" ойнады.
2002 жылғы әлем чемпионатына жарақатының кесірінен бара алмады, 2006 жылғы әлем чемпионатында Бразилия 1/4 финалда француздардан ұтылды да, Эмерсон құрамадағы карьерасын аяқтады.
Жетістіктері Гремио
Либертадорес кубогы: 1995 Рекопа кубогы: 1996 Бразилия чемпионы: 1996 Риу-Гранди-ду-Сул чемпионы: 1995, 1996 Бразилия кубогы: 1994, 1997
Милан
Клубтар арасындағы әлем чемпионы: 2007 УЕФА Суперкубогы: 2007
Реал Мадрид
Испания чемпионы: 2006/07
Рома
Италия чемпионы: 2000/01 Италия суперкубогы: 2001
Бразилия
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1998 Оңтүстік Америка чемпионы: 1999 Конфедерациялар кубогының жеңімпазы: 2005 Конфедерациялар кубогының финалисі: 1999 Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының профилі Бразилиялық футболшы "Миланнан" кетті
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Гремио ФК ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Сантос ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары