Чакс Кайетан Нвоко (; 21 қараша 1978https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/133643, Лагос, Нигерия) — мальталық футболшы, жартылай қорғаушы, тегі нигериялық.

Карьерасы Чакс Нигерияда дүниеге келген. 1995 жылы Мальтаға қоныс аударды да, сонда тұрақтап қалды. Тіпті Мальта азаматтығын алып, Мальта құрамасында ойнады.

Тағы бір мальта-нигериялық футболшы Удочукву Нвоконың туған ағасы. Ұлы Кириан Нвоко (1997 ж.т) да футболшы, Мальта Ұлттық футбол құрамасында ойнайды.

Чакс Нвоко 1998-2003 жылдары Ұлттық құрамада ойнады. Құрама сапындағы соңғы ойынын 2003 жылы 12 ақпанда Қазақстанға қарсы өткізіп (жолдастық кездесу), бір гол соқты. Бұл оның құрама сапындағы жалғыз голы еді.

Жетістіктері

Мальта чемпионы (2): 1999/00, 2005/06 Мальта кубогы (3): 2002, 2003, 2005 Мальта суперкубогы (4): 2002, 2003, 2004, 2005

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі

Санат:Мальта футболшылары Санат:Мальта Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Биркиркара ФК ойыншылары Санат:ЦСКА София ФК ойыншылары Санат:Слима Уондерерс ФК ойыншылары