Владимир Васильевич Волков (1955 жылы 12 маусымда Қостанай қаласында туған) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты.
Өмірбаяны 1974-1982 жж. - Қазақ КСР Мемспорт комитетінің нұсқаушысы, «Буревестник», «Динамо», «Трудовые резервы» жаттықтурышысы.
1982-1990 жж. - стажер-зерттеуші, ассистент, Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультеті деканының күндізгі және кешкі оқыту жөніндегі орынбасары.
1990-1993 жж. - аға референт, сектор меңгеруші, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес Төрағасы орынбасарының көмекшісі.
1993-1994 жж. - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
1994-1996 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру және бақылау басқармасының, аппарат бөлімінің мемлекеттік инспекторы, консультанты.
1996 – 20.01.2016 ж. - ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру және кадр бөлімінің меңгерушісі, әкімшілік бөлімнің меңгерушісі, ақпараттық - талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
01.2016 - 07.2017 ж. - Қазақстан Республикасы Сенат Аппараты басшысының орынбасары.
2017 жылдан бері - Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері