Эдуарду Камавинга (; 10 қараша 2002https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/640428, Миконже, Ангола) — анголалық және франциялық футболшы, Франция Ұлттық футбол құрамасы мен "Реал Мадрид" клубының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық Эдуарду Анголада дүниеге келген, бір жасында ата-анасы Францияға қоныс аударды. Жеті жасына дейін дзюдомен айналысты да, сосын ғана футболға ауысты. 2002 жылы "Драпо-Фужер" клубының мектебіне қабылданды.

2013 жылы "Ренн" клубының академиясына қабылданды.

2019 жылы 6 сәуір күні "Ренн" сапындағы тұңғыш ойынын "Анже" клубына қарсы өткізді де, "Ренн" сапындағы ең жас ойыншы боп тіркелді.

2021 жылы 31 тамызда "Реалға" ауысты.

Ұлттық құрама 2019 жылы 5 қараша күні Франция азаматтығын алды.

2020 жылы 8 қыркүйекте Хорватияға қарсы ойында (УЕФА Ұлттар лигасы) Франция Ұлттық құрамасы сапында тұңғыш рет алаңға шықты.

2020 7 қазан күні осы турнирде Украинамен ойында да алаңға шығып, тұңғыш голын соқты (7:0)

Жетістіктері

Франция кубогы: 2018/19

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі

Санат:Ангола футболшылары Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ренн ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары