Эрих Пробст (; 5 желтоқсан 1927 жылhttps://static.fifa.com/fifa-tournaments/players-coaches/people=56458/index.html  — 16 наурыз 1988 жыл) — аустриялық футболшы, шабуылшы. 1954 жылғы әлем чемпионатына қатысып, алты голдың авторы атанды. Топтық турнирде Чехословакияның қақпасына үш гол соғып, командасының 5:0 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты.

Карьерасында Аустрия, Швейцария, Германия клубтарында ойнаған.

Футбол ойнауды доғарған соң азырақ уақыт бапкерлікпен айналысып, "Аустрия Зальцбург" клубының тізгінін ұстады.

Жетістіктері

Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1954 Аустрия чемпионы: 1951, 1952, 1954, 1956

Дереккөздер

Сілтемелер Эрих Просттың профилі

Санат:Аустрия футболшылары Санат:Аустрия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Рапид Вена ФК ойыншылары Санат:Цюрих ФК ойыншылары Санат:Аустрия футбол жаттықтырушылары Санат:Ред Булл Зальцбург ФК ойыншылары