Улы Шырмауық (), шын есімі Памела Лилиан Айсли () — комикс кейіпкері, DC Comics ғаламының суперзұлымы, әрі Бэтменнің жауы. Алғаш рет Batman #181 (1966 жылы) комиксінде көрінді. Кейіпкердің авторлары Robert Kanigher мен Sheldon Moldoff. Памела өсімдіктерді жаны сүйеді, оның ең басты күші сұлулығы мен өсімдіктерді басқара алуы. Кейде Шырмауық Харли Квиннмен одақтасып әрекет жасайды. 1997 жылы «Бэтмен және Робин» фильмі жарыққа шықты, осы фильмде Шырмауықты танымал актриса Ума Турман сомдады. Улы Шырмауық оған қоса «Бэтмен» (1992) және «Бэтмен» (2004) мультсериалдарында көрініп, оны Диана Першинг және Пьера Коппола дыбыстады.
Өмірбаяны Канон емес нұсқа Памела Лилиан Сиэтлдегі (Вашингтон) бай отбасында дүниеге келіп, жастайынан ботаникаға қызыққан. Колледжде ол ботаника оқытушысы Марк Леграндпен кездесіп жүреді. Марк оған ақшасы көп болғанда үйленуге уәде берген. Профессор өзіне ғашық студент қызға ежелгі египет шөптері арқылы байуға болатынын айтады. Алайда бір кедергі бартұғын: шөп салынған урна мұражайда сақтаулы еді. Бұған қарамастан Памела оны ұрлап кетеді. Легранд өзінің қылмысқа қатысын жасыру үшін шөптегі умен қызды улайды. Алайда Памеланың денесі ежелгі уды өзіне сіңіріп алғаннан кейін, оның барлық уларды көтере алатын қабілеті пайда болады. Осыдан кейін ол Улы Шырмауық атанып қылмыс жолына түседі.
Дереккөздер
Сілтемелер Санат:DC Comics Санат:DC Comics әйел кейіпкерлері Санат:DC Comics суперзұлымдары Санат:DC Comics кейіпкерлері Санат:Комикс кейіпкерлері Санат:1966 жылы пайда болған комикс кейіпкерлері