Қарауылтөбе – Қалба жотасының батыс бөлігіндегі шоқы.
Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Қаражал ауылының солтүстігінде 10 км-дей жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 571 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 7 км-ге созылған, енді жері 4-5 км. Оңтүстік беткейі тіктеу, солтүстңк-батысқа қарай көлбеуленеді. Батысында Көшек, шығысында Жуантөбе таулары орналасқан. Солтүстігінен Қызылсу, оңтүстігінен Шар өзендері ағады.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас далалық өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жарма ауданы таулары