Андрей Алексеевич Воробей (; 29 қараша 1978 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/14945, Донецк, Украин КСР) — украин футболшысы, шабуылшы. 2006 жылғы әлем біріншілігіне қатысқан.

Карьерасы "Шахтер" (Донецк) клубының түлегі. 1997 жылы кәсіпқой карьерасын осы клубта бастады. 2000 жылы "Шахтерда" ойнап жүріп тұңғыш рет ұлттық құрамаға шақыртылды. 2007 жылы 2,5 млн еуроға "Днипроға" ауысты. екі маусымнан соң Киевтің "Арсенал" клубына жалға берілді.

2010 жылы Харьковтың "Металлист" клубына ауысты.

2013 жылы "Гелиос" клубында ойнап жүріп карьерасына нүкте қойды.

Жетістіктері

Әлем чемпионатының ширек финалисі — 2006 Украина чемпионы (3) — 2002, 2005, 2006 Украина чемпионатының күміс жүлдегері (8) — 1998, 1999, 2000, 2001, 2003, 2004, 2007, 2013 Украина чемпионатының қола жүлдегері (2) — 2011, 2012 Украина кубогы (3) — 2001, 2002, 2004 Украина кубогының финалисі (3) — 2003, 2005, 2007 Украина чемпионатының үздік мергені: 2000/2001 — 21 гол Олег Блохин Мергендер клубының мүшесі: 152 гол Сергей Ребров мергендер клубының мүшесі

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі

Санат:Украина футболшылары Санат:Украина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Шахтер Донецк ФК ойыншылары Санат:Днипро ФК ойыншылары Санат:Арсенал Киев ФК ойыншылары Санат:Металлист ФК ойыншылары Санат:Гелиос ФК ойыншылары