Толға Сейхан (; 17 қаңтар 1977https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/6966, Гиресун, Түркия) — түркиялық футболшы, қорғаушы. Түркия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
Карьерасы 2005 жылы "Трабзонспордан" Донецкінің "Шахтеріне" ауысып, "Шахтер" сапындағы тұңғыш түркиялық легионер атанды. Бірақ "Шахтерде" бір маусым ғана доп теуіп, 16 кездесуге алаңға шықты, есесіне Украина чемпионы атанды да, 2006 жылы "Галатасарайға", бір жылдан соң қайтадан "Трабзонспорға" жалға берілді.
2008 жылы жазда "Коджаэлиспорға" ауысты.
2011 жылы туған қаласындағы "Гиресунспорда" ойнап, карьерасын аяқтады.
Жетістіктері
Түркия чемпионатының күміс жүлдегері (3): 2003/04, 2004/05, 2006/07 Түркия кубогы: 2004/05 Украина чемпионы: 2005/06 Украина суперкубогы: 2005
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі
Санат:Түркия футболшылары Санат:Түркия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Дарданелспор ФК ойыншылары Санат:Малатьяспор ФК ойыншылары Санат:Трабзонспор ФК ойыншылары Санат:Шахтер Донецк ФК ойыншылары Санат:Галатасарай ФК ойыншылары Санат:Газиантепспор ФК ойыншылары