Рафаэль Сантос Борре Маури (; 15 қыркүйек 1995 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/323831, Барранкилья, Колумбия) — колумбиялық футболшы, "Ривер Плейт" клубының шабуылшысы.
Карьерасы "Депортиво Кали" клубының түлегі. 2013 жылы 3 қарашада "Индепендьенте Медельин" клубына қарсы ойында Мустанг кубогындағы дебют ойынын өткізді. 2014 жылы 11 сәуірде клуб сапындағы тұңғыш голын соқты.
2015 жылы жазда "Атлетико Мадрид" футболшысы атанды, бірақ "Депортиво Калиге" бірден жалға берілді де, туған клубында қала берді.
2016 жылы "Вильярреалға" жалға берілді. 20 тамызда "Гранадаға" қарсы ойында Испания чемпионатындағы тұңғыш ойынын өткізді. 29 қыркүйекте "Стяуаға" қарсы Еуропа лигасы матчында тұңғыш голын соқты.
2017 жылы жазда "Ривер Плейтке" ауысты.
Жетістіктері
Колумбия чемпионы (1): Апертура 2015 Колумбия суперлигасының жеңімпазы (1): 2014 Аргентина кубогы (1): 2016/17 Аргентина суперкубогы (1): 2018 Либертадорес кубогы (1): 2018 Либертадорес кубогының финалисі (1): 2019
Ескертулер
Сілтемелер Rafael Santos Borré at Topforward Ficha en la web ofical del Deportivo Cali Borré, la nueva esperanza goleadora
Санат:Колумбия футболшылары Санат:Вильярреал ФК ойыншылары Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары Санат:Колумбия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары