Мехмет Тобяс Шолль (), Мехмет Юксель (; 16 қазан 1970 жыл, Карлсруэ, Баден-Вюртемберг) — германиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Әкесі түрік, анасы неміс.

1996 жылғы Еуропа чемпионы.

1992 жылы туған клубы "Карлсруэден" ауысқан соң қалған бүкіл карьерасын "Баварияда" өткізді. 2007 жылы карьерасын аяқтаған соң бапкерлікпен айналысты. Бірнеше жылдар бойы "Баварияның" екінші клубын жаттықтырды.

Жетістіктері

Бавария

Германия чемпионы (8): 1994, 1997, 1999, 2000, 2001, 2003, 2005, 2006 Германия кубогы (5): 1998, 2000, 2003, 2005, 2006 Германия суперкубогы (4): 1997, 1998, 1999, 2000 УЕФА кубогы: 1996 Чемпиондар лигасы: 2001 Құрлықаралық кубок: 2001

Германия

Еуропа чемпионы: 1996

Қатысқан турнирлері

Футболдан Еуропа чемпионаты: 1996 Конфедерациялар кубогы: 1999 Футболдан Еуропа чемпионаты: 2000

Сілтемелер http://www.sueddeutsche.de/sport/interview-mit-mehmet-scholl-von-jetzt-an-gehe-ich-kegeln-1.718466-4

Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Карлсруэ ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Германия футбол жаттықтырушылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары