Серхио Хавьер Гойкочеа (; 17 қазан, 1963 жыл, Лима, Буэнос-Айрес, Аргентина) — аргентиналық футболшы, қақпашы.
Карьерасы Аргентина, Колумбия, Франция, Бразилия, Парагвай клубтарында ойнаған.
1988-94 жылдары Аргентина құрамасының қапасын қорғады.
1990 жылғы әлем біріншілігінде Серхио болмағанда құраманың финалға шығуы екіталай еді. Чемпионатқа Нери Пумпидодан кейінгі екінші қақпашы боп барды, бірақ топтық кезеңнің екінші турындағы КСРО-мен ойында Пумпидо жарақат алды да, орнына Серхио шықты. Турнир барысындда Серхио екі бірдей пенальтлер сериясын бастан кешті: ширек финалда Югославиямен және жартылай финалда Италиямен ойында. Екеуінде де Серхионың шеберлігі командаға жеңіс әперді.
Финалда Аргентина 0:1 есебімен ГФР-ден ұтылды, матч тағдырын 85 минутта Бреме соққан пенальти шешті. Серхио соққының бағытын дәл тапты, қайтаруға сәл ғана миллиметр жетпей қалды. Есесіне турнрдің үздік қақпашысы атанды.
Серхио 1992 жылғы тұңғыш Конфедерациялар кубогына да қатысып, жеңімпаз атанды.
Жетістіктері
Командалық Ривер Плейт
Аргентина чемпионы: 1986, Апертура 1993, Апертура 1994 Либертадорес кубогы: 1986 Құрлықаралық кубок: 1986 Америкааралық кубок: 1987
Мильонариос
Колумбия чемпионы: 1988
Серро Портеньо
Парагвай чемпионы: 1992
Олимпия (Асунсьон)
Парагвай чемпионы: 1993
Велес Сарсфилд
Либертадорес кубогы: 1996
Аргентина
Америка кубогы: 1991, 1993 Конфедерациялар кубогы: 1992
Жеке
Аргентинадағы жыл футболшысы: 1990 Америка кубогының үздік футболшысы: 1993
Сілтемелер Профилі
Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары Санат:Олимпия Асунсьон ФК ойыншылары Санат:Интернасьонал ФК ойыншылары Санат:Ньюэллс Олд Бойз ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Мильонариос ФК ойыншылары Санат:Серро Портеньо ФК ойыншылары