Марсело Данубио Салайета (; 5 желтоқсан 1978https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5767, Монтевидео) — уругвайлық футболшы, шабуылшы.

Карьерасы 1998 жылы қаңтарда "Пеньярольдан" "Ювентуске" ауысты. Әуелде негізгі құрамға орнығу қиын болды да, сол жылы күзде "Эмполиге", келесі жылы "Севильяға" жалға берілді. 2004 жылы "Перуджаға" жалға беріліп, тоғыз жыл көлемінде "Ювентус" футболшысы болғанымен, бар болғаны туриндік клуб сапында 100 шақты ғана ойын өткізді.

2007 жылы "Ювентус" А сериясына қайта оралды да, Марсело "Наполиге" түпкілікті ауысты.

Кейін "Болонья", "Кайсериспор" сапында доп теуіп, 2011 жылы отанына оралып, "Пеньяроль" сапына қосылды. 2015 жылы футболшылық карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама сапында 1997 жылы Конфедерациялар кубогына, 1999 жылы Америка кубогына қатысты.

Жетістіктері

Клубтық Пеньяроль

Уругвай чемпионы (2): 1997, 2012/13

Ювентус

Италия чемпионы (3): 1997/98, 2001/02, 2002/03 Италия суперкубогы (2): 2002, 2003 В сериясының чемпионы (1): 2006/07

Уругвай

Жастар арасындағы әлем чемпионатының финалисі: 1997 Америка кубогының қола жүлдегері: 1999

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Уругвай футболшылары Санат:Уругвай Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Пеньяроль ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Эмполи ФК ойыншылары Санат:Перуджа ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары