Энрике Сетьен Солер (; 27 қыркүйек 1958https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/117609, Сантандер) — испаниялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 2020 жылы "Барселонаның" бас бапкері болды.

Карьерасы

Футболшы Футболшылық карьерасында "Расинг", "Атлетико Мадрид", "Логроньес", "Леванте" клубтарында доп тепті. Көп бөлігін "Расинг" клубында өткізді, 12 маусым бойы (1977-85, 1992-96) осы клубтың негізгі құрамында ойнады. 1996 жылы "Левантеде" ойнап, карьерасын аяқтады.

1986 жылғы әлем чемпионатына барғанымен, бір кездесуде де алаңға шықпады.

Бапкер 2001 жылдан бері бапкерлікпен айналысады. 2006 жылы үш ай Экваторлық Гвинея құрамасын жаттықтырды, қалған уақыттарда испандық клубтарды баптап келеді. Арасында футболшы кезінде ойнаған "Расинг", "Логроньес" клубтары да бар.

2018/19 жылғы маусым қорытындысында "Реал Бетис" Испания чемпионатында 10-орында қалды да, Сетьен ол клубтың бапкерлігінен кетті. 2020 жылы 13 қаңтарда "Барселонаның" бапкері боп тағайындалды. Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Расинг Сантандер ФК ойыншылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Логроньес ФК ойыншылары Санат:Леванте ФК ойыншылары Санат:Испания футбол жаттықтырушылары Санат:Расинг Сантандер ФК жаттықтырушылары Санат:Экваторлық Гвинея Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Логроньес ФК жаттықтырушылары Санат:Лас-Пальмас ФК жаттықтырушылары Санат:Реал Бетис ФК жаттықтырушылары Санат:Барселона ФК жаттықтырушылары