Мартин Стэнфорд Питерс (; 8 қараша 1943https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/200635, Лондон — 21 желтоқсан 2019, Лондон) — англиялық футболшы, жартылай қорғаушы, 1966 жылғы әлем чемпионы.

Карьерасы 1966 жылғы әлем чемпионатының қарсаңында құрамаға шақырылып, мамыр айында Югославияға қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Кейін Финляндиямен жолдастық кездесуде тұңғыш голын соқты да, финалдық турнирге қатысатын футболшылар тізіміне енді.

1966 жылғы әлем чемпионатының финалында бір гол соқты. Бұл ойында Англия 4:2 есебімен ГФР-ді ұтты.

Карьерасын 1959 жылы "Вест Хэм" сапында бастады. Он жылдан аса ойнап, 1970 жылғы әлем чемпионатынан соң "Тоттенхэмге" ауысты. 1972 жылы УЕФА кубогының тұңғыш маусымының жеңімпазы атанды.

1975 жылы "Норвичке" ауысып, бес маусым ойнады. 1980 жылы "Шеффильд Юнайтед" клубында ойыншы бапкер қызметін атқарып, 1981 жылы қаңтар айында карьерасын аяқтады.

Жетістіктері

«Вест Хэм Юнайтед»

УЕФА кубок иелері кубогы: 1964/65 Англия лига кубогында 2-орын: 1966

«Тоттенхэм Хотспур»

Лига кубогы: 1971, 1973 УЕФА кубогы: 1971/72

Англия

Әлем чемпионы: 1966 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 1968

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Лондонда туғандар Санат:Лондонда қайтыс болғандар Санат:Англия футболшылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары Санат:Норвич Сити ФК ойыншылары Санат:Шеффилд Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары