Ахмад Шах Масуд ( — Ahmad Šāh-e Mas'ūd; 1 қыркүйек 1953 жыл — 10 қыркүйек 2001 жыл) — Ауғанстандағы дала сарбаздарының қолбасшысы, 1992–1996 жылдары Ауғанстанның Қорғаныс министрі болған тұлға. Ұлты тәжік. Ауғанстандағы Кеңес басқыншыларына қарсы соғыс кезінде ислам көтерісшілері арасында Панж (Пянж) арыстаны деген лақап атқа ие болған командир және тәліптерге қарсы Солтүстік одақ қозғалысының бас көшбасшысы. Тілші кейпіне кіріп сұхбат алғалы келген ұлты араб екі тәліп жанкештісі видеокамерадағы жарылғышты жарып жіберуінен қаза тапқан. Ізін жалғастырушылары — ауғанның қазіргі вице-президенті, өзбек генералы Əбдірашид Достым және ауған үкімет басшысы, оппозиция лидері, тәжік текті Абдулла Абдулла. Масуд сол кездегі ауған дала командирлер арасынан Батыстың көптеген саясатшылар сеніміне кірген бірден бір тұлға болды.