«Қақпа» () — америкалық қорқынышты фильм, режиссёр Джо Дантенің фэнтези элементтері бар фильмі. Бұл фильм ағайындар Лукас Томпсон мен оның ағасы Дейн Томпсон және олардың анасы Сьюзанның үйіндегі жертөледегі осы әлеммен қара күштер әлемін байланыстыратын, әрі сол уақытта бөлетін қақпа туралы. Ол тұңғиық, түпсіз тесікке қараған әр адамның бойын үрей алады. Ал ол қақпаны ашқан соң тылсым күштер осы әлемге енеді.
Сюжет Анасы 17 жастағы Дэйнді және оның 10 жасар бауыры Лукасты Нью-Йорктен Бенсонвилл қаласына алып бара жатыр. Аналары жұмыста жоғалып, оның балаларына қарауға мүлде уақыты жоқ болады, ал ағайындылар жаңа тұрғылықты жерін зерттейді. Дэйн көршісі Джулимен танысады.
Бірақ олар жертөледе люкпен, түбі шексіз шұңқырды тапқанда барлығы өзгереді. Люк қақпағын ашқаннан кейін, ағайындылар жүректі мұздататындай суықты сезеді. Бұл түпсіз құдық - бұл қараңғылық, зұлым, қара күш әлеміне жол. Енді олар зұлымдықты босатқаннан кейін, олардың жасырын қорқыныштары әр көлеңкеде өмірге келеді және қақпаны мәңгі жабу үшін қасіретке тап болады.
Өндіріс Бұл фильмнің түсірілімі 2008—2009 жылдары, қыс мезгілінде Ванкувер (Канада) қаласында жүзеге асты. Ал түсірілімнің басталған уақыты 2008 жыл, 5 желтоқсан.
Рөлдерде АктерРөліКрис МассольяДейн ТомпсонХейли БеннеттДжули КемпбеллНатан ГэмблЛукас ТомпсонБрюс Дерн«Қорқынышты» КарлТери ПолоСьюзан ТомпсонКуинн ЛордЭнни СмитПитер ШинкодаМарк ПоусонДжон ДеСантисДуглас ЧэпманКорд ОверстритАдамДик МиллерКамео
Марапаттар 2009 — Венеция кинофестивалінің үздік 3D стереоскопиялық фильмі үшін марапат.
Көрсетілім Бұл фильмнің ресми тұсаукесері 12 қыркүйек 2009 жылы Торонто қаласындағы «Торонто Халықаралық Кинофестивалінде» орын алды. Ал оның театральдық көрсетілімі 2010 жылдың жазынан басталды. Бұл фильм 2010 жылы Канн кинофестивалінде көрсетілді. Қазақстанда бұл фильм 17 маусым 2010 жылы шықты. 7 қазан 2011 жылдан бастап Сан-Франциско қаласында, ал 28 қыркүйек 2012 жылдан бастап Лос Анжелес және Атланта қалаларында бұл фильм көрсетіле бастады. 2 қазан 2012 жылдан бастап фильм DVD-ге басылып шыға бастады.
Сілтемелер
Санат:Джо Данте фильмдері Санат:АҚШ триллер фильмдері Санат:АҚШ қорқынышты фильмдері Санат:АҚШ фэнтези фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:2009 жылғы АҚШ фильмдері