Дулат Тұрсынұлы Тастекей (22 маусым, 1982 жыл, Екпін ауылы, Тарбағатай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — қазақстандық кәсіпкер, меценат, «TAS GROUP» компаниялар тобының негізін қалаушы және басқарушысы.ДУЛАТ ТАСТЕКЕЕВ: МЕМЛЕКЕТТІҢ КӨМЕГІ – БЕЙБІТ ЗАМАН, САУАТТЫ , turkystan.kzМаленький шаг к большой цели, kapital.kz
«Assyltas» қоғамдық қорының құрылтайшысы, Халықаралық Қазақ тілі қоғамы қоғамдық бірлестігінің вице-президенті (2023 жылдан бері), Алматы қалалық мәслихатының депутаты (2023 жылдан бері), «iQanat» қорының Абай облысы бойынша қамқоршысы, Республикалық Абай ұлттық мектебінің Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің Қамқоршылар кеңесінің мүшесі, Алматы қалалық ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының қамқоршылар кеңесінің мүшесі (2023 жылдан бері), ҚР Аударыспақ федерациясының вице-президенті.
Өмірбаяны 1999 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатын тәмамдаған.
2003 жылы Алматыдағы Қазақ экономика және құқық институтын бітірген (Caspian University).
2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін аяқтаған (Maqsut Narikbayev University).
2009 жылы Францияның "HEC" бизнес-мектебінің түлегі атанды (Paris Business School).
2015 жылы Мәскеудің «Сколково» басқару мектебінің "Директорларға арналған практикум, компанияны басқару" курсын тәмамдаған (Moscow School of Management SKOLKOVO).
2019 жылы Нархоз университетінің «Іс басқару» мамандығы бойынша философия докторы ғылым дәрежесін алды (NARXOZ University).
2019 жылы Мәскеудің «Сколково» басқару мектебінің "Сандық трансформацияны басқару" курсын тәмамдаған (Moscow School of Management SKOLKOVO).
2024 жылы АҚШ-тың Бостон қаласындағы әйгілі Гарвард бизнес-мектебін тәмәмдады (Harvard Business School).https://kapital.kz/finance/117802/dulat-tastekey-esg-vklad-v-nyneshneye-i-sleduyushcheye-pokoleniye.html
2025 жылы Stanford Graduate School of Business-те, 2026 жылы University of Oxford-та кәсіби біліктілігін жетілдірді.https://www.instagram.com/reel/DNGGhEdoEXZ/
Кәсіпкерлік қызметі 2003 жылдан бастап республикамыздың банк және қаржы мекемелерінде түрлі қызметтерді атқарған.
2010 жылдан бастап «TAS GROUP» компаниялар тобының директоры.Дулат Тастекеев: Дерзкие мечты и кумиры финансиста Мұрағатталған 27 ақпанның 2020 жылы., bib.kzКРЕДИТЫ ПОД ЗАЛОГ – ПЕРВЫЙ ПУНКТ К ЗАВЕТНОЙ МЕЧТЕ, voxpopuli.kz
2018 жылдан бері «Assyltas» қоғамдық қорының құрылтайшысы.
Қоғамдық қызметі Дулат Тастекеев медицина, спорт, мәдениет саласындағы қайырымдылық жобаларының белсене қатысушысы. Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасының жеңімпазы.ДУЛАТ ТАСТЕКЕЕВ. 100 новых лиц Казахстана , 100janaesim.ruh.kz
2016–2019 жылдары ШҚО Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында кәсіпкердің қаржылық демеуімен «Туған жерге туыңды тік» атты Халықаралық ақындар айтысы өткізілді, «Тарихқа толы Тарбағатай» атты альманах-кітаптың алты томы және Ақсуаттағы ақындар айтысы топтастырылған «Туған жерге туыңды тік» жинағы жарық көрді. 2021 жылдан бері «Асыл домбыра» ақындар айтысын ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына қаржылай қолдау көрсетеді.
Дулат Тастекей Абай атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатқа үнемі қолдауын көрсетеді. Меценаттың демеушілігімен мектепте шетелден келген ағылшын тілінің маманы курс өткізіп жүр және мектеп оқушыларының арасында ақындар айтысы ұйымдастырылып жүр.АСЫЛ ӨНЕР САЙЫСЫ , aikyn.kz
2018 жылдан бастап Тарбағатай өңірінен шыққан, сол өңірге еңбегі сіңген азаматтарға «Тарбағатай тарланы» медалін тағайындады. 2019 жылы «Assyltas»Рухани жаңғыру: «Туған жер» мецената Дулата Тастекеева , pushkinlibrary.kz медалін тағайындады.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының вице-президенті болып сайланды.
2021 жылдың тамызында 2500 адамға арналған Орталық Азиядағы ең ірі мешіттердің бірі пайдалануға берілді. Мешіт құрылысына меценат 500 млн теңге қаржы бөлген.Кәсіпкер Семейдің 10 жылдан бері «сақалды» құрылысқа айналған мешітін салып бермек, inform.kz
2021 жылы Дулат Тастекейдің «Өте маңызды» атты авторлық кітабы жарық көрді.
2023 жылы Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
2023 жылы QAZAQ TILI Endowment Qory эндаумент-қорының вице-президенті болып тағайындалды. Қазақ тілін қолдау мақсатында ашылған эндаумент қорына 100 миллион теңге аударған.
2023 жылы Семей қаласының "Құрметті азаматы" атағы берілді.
2023 жылы «iQanat» қорының Абай облысы бойынша қамқоршысы болып сайланды.
2024 жылы Тоғызқұмалақ федерациясының Қамқоршылар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
2025 жылдың 10 тамызында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ASSYLTAS қоғамдық қорының ерекше бастамасымен 38 бала Абай есімін иеленді.
2025 жылы "Артық білім кітапта" жобасы аясында Абай облысындағы ауыл мектептеріне 12 мыңнан астам, 2026 жылы Жамбыл облысындағы ауыл мектептеріне 17 мыңнан астам кітап таратылды.
Марапаттары Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін "Еңбек үздігі" медалімен марапатталды (2017 жыл) Еліміздің білімі мен ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін "Күлтегін" медалімен марапатталды (2019 жыл) Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Жыл кәсіпкері (2018 жыл) "Жомарт жүрек" облыстық байқауының (ШҚО) лауреаты атанды (2018 жыл) Ұлттық спорт түрін дамытуға қосқан үлесі үшін "Қазақ күресі" медалімен марапатталды (2018 жыл) "Азаматтық-патриоттық белсенділігі үшін" медалімен марапатталған (2019 жыл) "Абай" естелік медалімен марапатталған (2020 жыл) "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы (2021 жыл) "Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы" атағы берілді (2021 жыл) Семей қаласының "Қалаға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталған (2021 жыл) "Дара тұлға" медалімен марапатталған (2022 жыл) Б. Момышұлы атындағы "Намыс" Құрмет медалімен марапатталған (2022 жыл) "Қазақстан патриоттары" естелік медалімен марапатталған (2022 жыл) Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығыhttps://kz.kursiv.media/kk/2026-04-10/kaesipker-dulat-tastekejge-alash-aedebi-syjlyghy-berildi/ берілді (2026 жыл) "Қазақстан Парламентіне - 30 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған (2026 жыл)
Отбасы Үйленген. Жұбайы – Тастекеева Айжан Серікқызы (1983 ж.т.), «TAS GROUP» қаржы компаниясының басқарушы серіктесі. Бүгінде Дулат пен Айжан төрт бала тәрбиелеп отыр.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан кәсіпкерлері