Корривертон (ағылш. Corriverton) — Шығыс Бербис - Корентайн аймағындағы қала, елдің ең шығыс кенті. 2018 жылдан бастап қала мэрі - Уинстон Робертс
Географиясы Қала Корантайн өзенінің сағасында, Ньив-Никкериге (Суринам) қарама-қарсы орналасқан. Қала елдің астанасы Джорджтауннан оңтүстік-шығысқа қарай 145 км жерде орналасқан.
Тарихы Корривертон ескі екі қаладан - Спрингленд пен Скелдоннан, сондай-ақ Bookers-ке тиесілі қант плантацияларының атымен аталған немесе нөмірленген бірнеше ауылдан шыққан.
Халқы 2002 жылғы мәліметтер бойынша қала тұрғындарының саны 11 574 адамды құрады. Қалада индустар, христиандар мен мұсылмандар бірге тұрады.
Инфрақұрылым Қалада көптеген діндер болуына байланысты көптеген мешіттер, шіркеулер мен индуистік храмдар бар.
Қонақ үйлерден Paraton Inn, Mahogany Hotel, Riverton Suites, Hotel Malinmar, Swiss Guest House және т.б. бар.
Транспорт 1998 жылдан бастап паром өткелі Корривертоннан 10 км оңтүстікте орналасқан Молсон Крик қаласын Суринамадағы Зёддрайн елді мекені мен байланыстырады.
Жергілікті таксилер «тапирлар» деп аталады.. Бұл филиппиндік джипнейлер мен үнділік моторикшалардың жергілікті баламасы, өйткені тапир жүргізушілері оларды әр жағынан безендіруді жақсы көреді.
Дереккөздер
Санат:Гайана қалалары