Еркін Жұмағұлұлы (1950-1995) - Сонау кеңестік кезеңдегі қайта құру дәуірі басталған тұста атамекен тарихының терең сыр бүккен қатпарларын қайта жаңғыртып, елі үшін еңіреп туған ерлер мен туған халқына от ауызды, орақ тілді өнерімен қызмет еткен би, шешендер тағлымын кейінгі ұрпаққа жеткізіп таныстыру ісінде аянбай еңбек етіп, көп тер төккен алаш ұранды азаматтардың бірі.
Өмірбаяны Туған, өскен өлкесі — ақындар мен абыздар елі, ұлылар мекені — Семей өңірі. Ол 1950 жылы маусымның 25 жұлдызында осы қасиетті құт мекеннің Жарма ауданындағы Қапанбұлақ ауылында дүние есігін ашыпты. Ата-анасы қарапайым шаруа адамдары болғанмен өнер десе ішкен асын жерге қоятын жандар екен. Әкесі Жұмағұл атақты Бөке кенішінде өмір бақи ұста болып өтіпті. Ұсталық өнер де жай адамға дарымайды. Екінің бірінің қолынан келе беретін кәсіп емес. Ертеден белгілі ырым бойынша ұсталық бақсылық өнердің бір қырына жатса, Жұмағұл ақсақал темірден түйін түйген шеберлігіне қоса өз жанынан өлең шығарып, еліміздің арғы-бергі тарихын жете білген шежіреші де болған екен. Әкесінің талант қырлары өсе келе Еркін бойынан да табылып, ақындық жолға түсуіне қанат бітірді, туған өлке тарихын біліп зерттеуге құштар етті. 1968 жылы Көкпекті ауданының Биғаш ауылындағы В. В. Маяковский атындағы орта мектепті үздік бітірген жасөспірім туған ауылында жұмыс істеуді мақсат етіп, арман жолында Алматыдағы іргелі оқу орнының бірі — Қазақ ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетіне оқуға түседі. Институт қабырғасында жүріп ғылыми жұмысқа ден қояды, тәжірибелік істерге араласып, мол тағылым алады. Институт бітіргеннен кейін 1975-1977 жылдары Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеп, тәжірибе жинақтайды. Қашан да болсын аңсары ауылға ауған азамат 1977 жылы шілдеде Семей облысы Жарма ауданындағы Үшбиік ауылына жол тартады. Содан бастап соңғы жиырма жылға жуық уақыты осындағы «Бірінші май» кеңшарында өтеді. Қатардағы агрономдық қызметтен кеңшардың партия комитетінің хатшысы қызметіне дейін өседі.
Еркін еңбек үшін жаралған жан болатын. Агроном болып күн демей. түн демей еңбек етіп, жартылай шөлейтті аймаққа орналасқан Үшбиік жерін құнарландыруға көп күш жұмсайды. Жердің шұрайлылығын жақсартып, астық өнімділігін арттыру мақсатында агроном-ғалым Еркін топырақ өңдеудің жаңа технологиясын енгізеді, бастау-бұлақтарға жақын су арналарының жиналу аумағын зерттеп, Семейдегі су шаруашылығы институтымен бірге Үшбиік даласына егістікті суару үшін арнайы бөгет салдырады. Бұл оның агрономдық талант қырлары болса, ұйымдастырушылық, басшылық қабілеті 1985- 1991 жылдары «Бірінші май» кеңшары (совхозы) партия комитетінің хатшысы болған кезде танылады. Осы жылдар аралығында білімін жетілдіру мақсатында өзі оқыған институттың экономика факультетін, тез жазу мақсатын көздеп стенографистер курсын бітіреді, кандидаттық диссертация жазуды да ойластырып, Семей, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша ауыл шаруашылығындағы экономика мен мал азығы өндірісі туралы қыруар материал жинайды. Бірақ парткомдық қызмет бұл жоспарын жүзеге асыруға мұрша бермейді. Қай істе болсын адалдықты бірінші орынға қоятын Еркін сол кездегі өте жауапты да қиын қызметтің бірі партия комитетінің хатшысы міндетіне құлай беріледі. Халық арасындағы бұқаралық насихат. идеологиялық жумыс, мәдени-ағарту іс-шаралары, толып жатқан басқа да ауқымды науқандық жұмыс көлемі жас парткомға үлкен сенім жүгін арқалатты. Жігерлі жас басшы ол сенім биігінен көріне білді. Алғырлығымен, терең білімділігімен жұртшылықты өзіне тарта біліп қана қоймай, еңбекші халықты соның ішінде, әсіресе, жастарды жаңа жарқын істерге талпындырды.
Еркін ел тарихы мен мәдениетінің білгірі, әрі үлкен жанашыры болатын. Өзі ширек ғасырға жуық уақыт бойы мекен етіп жумыс істеген Үшбиік ауылы — ұлы Мұхтар Әуезов тамсанып жазған, бір атадан он жеті ақын шыққан, одан кейінірек атақты Әріп ақын туып өскен өнерлі өлке екендігіне әркез сүйсініп, халық арасына тарата айтып жүрген іскер азамат нартәуекелге бел буып, еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылы ауылда «Насихат» бұқаралық-мәдени орталығын ұйымдастырады. Осы орталықтың жетекшісі ретінде Аякөз, Жарма аудандарында өмір сүрген XVIII ғасырдағы ақындық поэзияның ірі өкілі Ақтамберді жырау, жеті атасынан бері билік үзілмей келген атақты би, қоғам қайраткері, ақын, шешен Ақтайлақ би Байқараұлы, XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің бастауында тұрған көрнекті ақын, ұлы Абайдың ұстазы Дулат Бабатайұлы, суырып салма айтыс өнерінің жүйріктері Сабырбай Ақтайлақұлы мен Түбек Байқошқарұлы, Абайдың талантты ақын шәкірті Әріп Тәңірбергенұлы және осы өңірден шыққан басқа жыр жампоздары мен өнер майталмандарының өмір деректері мен шығармаларын ел аузынан жинап, бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау ісінде ұйтқы болып, үлкен қажыр-қайрат көрсетеді.
«Насихат» бұқаралық-мәдени орталығы бұл жұмыстармен ғана шектелмей, осы ауылдан шыққан атақты ақындарды насихаттау ісінде көп еңбек сіңірген белгілі ғалымдармен, шежіре қарттармен кездесулер өткізеді. Әріп өмірі мен шығармашылығын зерттеген көрнекті абайтанушы-ғалым, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Қайым Мұхамедханұлы, атақты айтыс ақыны, әдебиет зерттеуші, шежіреші Қалихан Алтынбаев, жергілікті құймақұлақ қариялар, ауыз әдебиетін жинаушылар әрі шежірешілер Ғабділахмет Шәкерұлы мен Сіләмшайық Имаммұсаұлы сияқты абзал жандармен жылы жүзді кездесулер Үшбиік жұртының есінде әлі күнге дейін аңыз болып сақталған. Осындай игі істің басы- қасында қашанда Еркін жүрді. «Насихат» орталығы оның рухани перзенті сияқты еді. Осы киелі орынның қаз тұрып, ел ырзығы үшін қызмет етуіне ол бар жан-тәнін берді. Бала кезден жабысқан дертін де ұмытты. Өзі құрған орталыққа банктен есеп ашып, ауыл жастарының бос уақытын мәнді етіп ұйымдастыру үшін музыкалық аспаптар сатып алды, ауыл балаларына арнап музыкалық мектеп аштырды, жергілікті тұрғындар әдемі де сәнді киінсін деп іс машиналарын сатып алғызып, жас қыздарға жұмыс орындарын ұйымдастырғаны да белгілі. Атақты Ақтайлақ 6и мұрасы мен көрнекті ақын Әріп Тәңірбергенұлы шығармаларын насихаттап жарыққа шығарудағы Еркін еңбегі орасан зор. Екі ақын туындыларын іздестіріп Абайдың Семейдегі республикалық музей-қорығынан бастап Қытайдың Үрімжі қаласьінда Шьіңжан Қоғамдық ғылымдар академиясы ғалымдарымен байланыс орнатты. Ақтайлақ би мен Әріп ақын шығармаларын ел ішінен, Алматыдағы Қазақстан Республикасы Үлттық ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасы қорынан тірнектеп жинап, Үшбиік орта мектебінде өзі ашқан Ақтайлақ би музейіне тапсырды. Тіпті Қайым Мұхамедханұлының жеке қорында сақталған Әріп шығармаларының қолжазбасын ғалыммен арадағы ұзақ келіссөзден кейін арнайы алдырып, ұрпақ игілігіне жаратты.
Еркіннің бұл еңбеғі еш болған жоқ. 1991 жылы Алматыда «Журналист» баспасынан алғаш рет «Ақтайлақ 6и» кітабы жарық көрді. Атақты би туралы аңыз-әңгімелер мен оның биліктері, айтыстары, өлең-жырлары топтастырылған және соңында Ақтайлақ би жазып кеткен шежіре нұсқасы берілген бұл жинақты дайындап, жеке кітап етіп бастыруды ұйымдастырған Еркін екенін ерекше айту қажет. 1992 жылы мамыр айында Үшбиік ауылында осы кітаптың тұсау кесер рәсімі өткізіліп, 6и аруағына арналып ас берілді. Бұл игі істің де басы-қасында Еркін жүрді. 1993 жылы Қазақ теледидарының бірінші бағдарламасы бойынша Еркіннің тікелей ұйымдастьіруымен «Ақтайлақ би» хабары көрсетілді. Бір сағатқа жуық уақытты қамтыған хабар артынша «Алатау» халықаралық телеканалы бойынша көрсетіліп, 1994 жылы екі бағдарлама бойынша қайталанды. Хабарға Ақтайлақ 6и мұрасын көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуде еңбек сіңірген сұңғыла қарттар Ғабділахмет Шәкерұлы мен Сіләмшайық Имаммұсаұлы, аса көрнекті ғалым, әдебиет теоретигі, абайтанушы әрі әуезовтанушы академик Зәки Ахметов, фольклортанушы-ғалым Зуфар Сейітжанов және Еркіннің өзі қатысып, Ақтайлақ бидің ақындық, шешендік өнері, тағылымы мен өнегесі туралы кеңінен әңгіме қозғады. Еркін бастап алғаш рет жүзеге асқан бұл басылым кейін, 1999 жылы «Атасы асыл сөздің Ақтайлақ би» атты көлемді жинақ пен 2003 жылы Астана қаласында қалың көпшілікке арналған «Ақтайлақ би» кітабының жарыққа шығуына негіз болды. 1995 жылы 19 тамызда асыл азамат ұзаққа созылған ауыр науқасынан қайтыс болды. Денесі Үшбиік ауылындағы биік дөңге қойылған.
Өзі өлсе де артында өнегелі іс қалдырған аяулы жанның ғибраты мен тағылымы ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ. Ақтайлақ би аруағына бағыштап алғашқы асты Еркін сияқты есіл ер ұйымдастырса арада он жылдай уақыт өткеннен кейін, 2001 жылы Ақтайлақ би мен оның әкесі Байқара би жерленген Сарыарқа ауылында әкелі-балалы билердің кесенесі тұрғызылып екеуіне арналып Халықаралық ғылыми- теориялық конференция өткізілді, артынан үлкен ас беріліп, бәйге ұйымдастырылды. Бұл да, Еркін бастап кеткен өнегелі істің өнегелі жалғасы еді. Өмірін өлеңмен өрнектеп өткен, оның әлемін насихаттап кеткен Еркін өзі де ақындыққа бой ұрып, талант қырын танытыпты. Біз білетін басшы Еркін, агроном-ғалым Еркінді кеш те болса ақын Еркін деп мойындадық. Ақындық әлеміне бойладық та артында қалған өлеңдерін барладық. Төгіліп тұрған жыр жолдары. Буырқанған шабытпен шыққан өлең шумақтары көп, көңіл-күйдің кірбің шалған тұстарында ойға түскен ұйқасы шалалау шумақтар да аздап кездесіп қалады. Бала кезден қанымда болса дағы. Келгенде отыз сегізге ілікті өлең. Қыдыр қонған он жеті ақын ауылынан, Су мен дәмі бата болып дарыды ма, Ақындар әлеміне кіріп келем... деп езі жырлағандай, ақындықты қырық жасқа тақаған шағында кеш бастаса да, айналдырған бес-алты жыл ішінде жүрек түкпірінен суырылып шыққан жарасымды жырларын жазып кетіпті.
Ақын туьіндылары арасында ел құрметтеген адамдар мен жақын араласқан дос-жарандарға шығарған арнау өлеңдер мен туған жер, ауыл туралы жыр-толғаулар, әзіл өлеңдер, тілек жырлары, бата өлеңдер мен ән өлеңдері де бар. Солардың ішімде өзі тұрып қызмет еткен Үшбиік ауыльі мен оның адамдары туралы жүрекжарды жыр жолдарының орны бір бөлек. Тіпті Үшбиік туралы екі ән өлеңін шығарыпты. Өнерлінің елі-ай, Даласы мен белі-ай. Маған ыстық қашан да Үшбиіктің жері-ай деп қайырылатын ән жолдары Еркіннің өзі өскен ауылға деген перзенттік суйіспеншілігін білдіріп, Үшбиік жұртшылығының әнұраны іспетті халықтық әнге айналғаны қашан. Әнін жазған да жай кісі емес. Елін сүйген Еркіннің сонау Алматыдан арнайы шақыртып, ауылына қонақ қылдырған атақты композитор Марат Ілиясов есімін кім білмейді?
Поэзия әлеміне жігіт ағасы шағында үңіліп, жыр сапарына жаңа түскен Еркін аз уақыт аралығында өлең өлкесінде өзіндік өрнек қалдыра біліпті. Ұлтжандылық пен отансүйгіштік сезімге толы өлең-жырларымен катар өзі айтқандай қисса тәсілімен жазған «Аяз 6и» дастанының орны бір бөлек. Атақты халық ертегісінің ізімен шығарылған қисса-дастанды автор «Даналық сүйгіш бүлдіршінге армаймын!» деп бастап, эпиграфта «Аяз би» ертегісінің даналық үлгісін ел тарихының кешегі, бүгінгі, ертеңгі ісіне өнеге етеді. Дастанның төрт бөлімі де оқиға желісінің қызықтылығымен, нақышты өлең жолдарымен оқырманды баурап алып. басты кейіпкер Жаманның, яғни Аяз бидің көрегендік, данышпандық қасиеттеріне тәнті етеді, эпилог бөлігінде Аяз би өмірін кейінгі ұрпаққа тағылым етеді. Еркіннің қай өлең-жыры, термесі мен толғауы болсын, тәрбиелік, тағылымдық мән-мазмұнымен, өзіндік көркемдік өрнектерімен, тақырып ауқымдылығымен мағыналы да терең ой пернесіне құрылған Термелерінде Ақтайлақ би сияқты толғанып жыр төксе, өлеңдерінде Абайша ой саралап, Әріпше қиялға ерік береді. Бұл да жас ақынньің ұлылардың өлең өріндегі ізіне еліктеуден туған ойшықты жыр жолдары болар. Қалай десек те Еркін артына өзіндік ақындық із қалдырып. өлеңнен ескерткіш салып кетті. Сүйікті қызы Әселдің әке мұрасын жинап, жеке кітап етіп құрастыруы да абзал азамат, асыл жар, аяулы әке болған ел перзенті Еркін Жүмағұловтың ақындық талант қырын айшықтаған ескерткіш-белгі іспетті. Өзі өлсе де өлмейтұғын артына сөз қалдырған асыл адам бейнесі осы жыр жинағымен ел есіңде сақтала береді.
Серікқазы Қорабай, филология ғылымының кандидаты
Есте қалған сәттер І Алғашқы «Дамба»