Жалайыр сұлтандығы — Жалайыр әулеті Ирак пен батыс Иранда құрған патшалық болып, ол 1330 жылдары Моңғол билігі Иранда құлаған соң орнайды.Bayne Fisher, William. The Cambridge History of Iran, p.3: "From then until Timur's invasion of the country, Iran was under the rule of various rival petty princes of whom henceforth only the Jalairids could claim Mongol lineage" Жалайыр сұлтандығы өз тұсында жаңадан күшейген Әмір Темір әулетінің шапқыншылығы мен Қара-Қоюнлу (Қара қойлылар) оғыздарының бүлігінен шайқалады.The History Files Rulers of Persia 1405 жылы Ақсақ Темір өлген соң Жалайырлар тағы да Оңтүстік Ирақ пен Хузестанда Сұлтанатты күшейтуге тырысады, бірақ 1432 жылы Жалайыр сұлтандығы Қара-Қоюнлулар жағынан жеңіледі.
Үкіметі Жалайырлар әкімшілігі мен уәзірлігі Илхандық нұсқаны қолданды, әрі түркі, моңғол тілдерін парсы тілімен үйлестірді. Олардың дипломатиялық хат-хабарлары да Илхан мемлекетінің үлгісін қолданды, араб тіліндегіBroadbridge, Anne F. Kingship and Ideology in the Islamic and Mongol Worlds, (Cambridge University Press, 2008), 157. сөз тіркестері бар қызыл сияя төртбұрышты мөр қолданды.
Атақты Жалайыр өкілдері Мұхали (1170-1223) - "Джат" тармағынан - Шыңғыс ханның ең жақын серіктестерінің бірі, го-ван, әскердің сол қанатының қолбасшысы. Жошы-Дармала - Шыңғыс ханның әріптесі. Оның ұрпағы Хасан Бузург Жалайыр әулетінің негізін қалаушы болды. Бала Ноян - Хорезмшах Жалал ад-Динді қуып жетуге жіберген Шыңғыс ханның мыңбасы. Үндістанда соғысқан. Илюке, Қаданның ұлы - Огедейдің тәрбиешісі. Джат тармағындағы Мункасар-нойон - Мунке кезіндегі төрелердің ең үлкені (яргучи). Манчестің билікке көтерілуіне наразы болған Шыңғыс әулетінің бір бөлігіне қарсы сот ісін жүргізеді.
Әміршілері Атағы/АтыBosworth, Clifford Edmund. The new Islamic dynasties: a chronological and genealogical manual. New Edinburgh Islamic Surveys Series; ISBN 0-7486-2137-7, 978-0-7486-2137-8 Жеке есімі Тақтағы уақыты Таж-Уд-Дин (Taj-ud-Din) تاج الدین Хасан Бұзұрг (Hasan Buzurg)1336–1356 Мұиз-уд-Дұния уа ал-Дин (Mu'izz-ud-duniya wa al-Din) معزالدنیا والدین Бахадур хан (Bahadur Khan) بهادرخان Шейх Ауайс Жалайыр (Shaikh Awais Jalayir)1356–1374Жалал-уд-Дин (Jalal-ud-Din) جلال الدین Шейх Хасан Жалайыр (Shaikh Hasan Jalayir)1374 Қияс-уд-Дин (Ghiyas-ud-Din) غیاث الدین Шейх Құссайын Жалайыр (Shaikh Hussain Jalayir)1374–1382 Шейх Баязид Жалайыр (Shaikh Bayazid Jalayir) Солтаниех (Soltaniyeh) қаласындағы Парсы Ирак билеушісі әрі таққа үміткер болған 1382-1384 Сұлтан (Sultan) سلطان Сұлтан Ахмед Жалайыр (Sultan Ahmed Jalayir) Бағдат билеушісі және таққа үміткер болған 1382–1410 Шах Уалад Жалайыр (Shah Walad Jalayir) Шах Али Жалайырдың (Shaikh Ali Jalayir) ұлы 1410–1411Сұлтан (Sultan) سلطان Сұлтан Мұқамет Жалайыр (Sultan Muhammad Jalayir) Танду Қатұн (Tandu Khatun) ырқында 1411 (1-ші билеу мезгілі)Сұлтан (Sultan) سلطان Сұлтан Ауайс Жалайыр (Sultan Awais Jalayir) 1411-1421Сұлтан (Sultan) سلطان Мұхаммед бин Шах Уалад Жалайыр (Muhammad bin Shah Walad Jalayir) 1421Сұлтан (Sultan) سلطان Сұлтан Мұқамет Жалайыр (Sultan Muhammad Jalayir) 1421-1425 (2-ші билеу мезгілі) Хұссайын бин Ала-Ұд-Даулаһ Жалайыр Hussain bin Ala-ud-Daulah Jalayir 1425-1432
Әулет ағашы
Дереккөздер
Санат:Мұсылман әулеттері Санат:Иран тарихы Санат:Моңғол мемлекеттері Санат:Ирак тарихы