Маңғыстау облысы — Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлігі.

Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түрікменстан мен Өзбекстан мемлекеттері және Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылғы 20 наурызда құрылды. 1988 жылғы 2 маусымда таратылып 1990 жылғы 17 тамызда тарихи «Маңғыстау» деген атпен қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы — Ақтау қаласы.

Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау жерінің тумасы жазушы Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды «Ұйқыдағы аруға» теңеген. Сонымен қатар ғарыштан түсірілген сурттерде Маңғыстау түбегінің контуры жас келіншектің профиліне ұқсайды.

Маңғыстау аймағы ежелгі кезеңдерден бері мал шаруашылығымен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, континентті шөл далаға жатады.

Этимологиясы thumb|right|300px|Шерқала, Маңғыстау Маңғыстау сөзінің шығу тегіне қатысты сан түрлі пікірлер бар. Соның бірі көшпелілердің құтты мекен, мың ауыл немесе мың қыстау дегені халық арасында кең таралған. 1985 жылы жарық көрген Е. Қойшыбаевтың "Қазақстанның жер-су атаулары атты сөздігі" кітабында Маңғыстау атауының шығу тегі туралы төрт болжам келтірілген. Біріншісі, өлке аты "мың" және "қыстау" тіркесінен шыққан. Екіншісі - ноғайдың "менк" деген тайпасының атынан ауысқан. Үшіншісі көне түркі тіліндегі "мен" төрт жастағы қой сөзіне "қышлақ" жалғауы арқылы қалыптасса, төртіншісі Е. Қойшыбаевтың өз болжамы бойынша "Маңғыштағ" "Құбыжықтар тауы" дегенді білдіреді Серікбол Қондыбай, Маңғыстау географиясы. Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары. Толық шағрамалар жинағы, 3 том, Арыс баспасы, Алматы ұаласы, 2008 жыл, ISBN 9965-17-507-1 (3T).

Маңғыстаудың өлкетанушы ғалым Серікбол Қондыбай «құбыжықтарға» қатысты болжам дұрыс деген ой айтады. Шығыс түркі () және моңғол мифологиясында "маңғыш" (маңғыс, мангус) айдахар, керемет құбыжықтар дегенді білдіреді. Моңғолдарда ол тек зұлым, зиянды сипатқа ие болса, түркілерді екіұдай жақсы жаман қасиетке ие ретінде баяндалады. Қондыбайдың айтуы бойынша Маңғыстауда мекен еткен оғыз түркмен тайпалардың арасында «салыр» руы болған, бүгінгі түрікмен ұллытының құрамында «салор» ірі руы тайпасы бар. Сонымен қатар Қытайдағы Цинхай өлкесіндегі түркітілдес салыр мен осы салор арасында тарихи генетикалық байланыс бар деген тұжырым айтады. Маңғыстауға келген оғыздар Қаратауды "Маңғыштағ" деп атаған. Айдахар туралы аңыздар түрікмен халқында да, қазақ халқында да (Айназар батыр туралы) бар.

Оғыз салылар "Маңғыштағ" атауын өздеріне дейінгі аңыздарға негіздеп жасаған, аударма (калька) топоним. Сондықтан "Маңғыстауды" маңғыш тау қорқынышты алып айдаұһардың мекендеген тауы немесе "айдаһартау" дегенді білдіреді деген тоқтам жасауға болады.

Географиясы Қосымша қараңыз Маңғыстау географиясы

Маңғыстау өңірі – Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан. Облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі.

Облыстың шеткі нүктелері: Батыс - Каспий теңізіндегі Құлалы аралы ш.б. Шығыс Қазақстанның Ақтөбе облысы және Өзбекстан, Маңғыстаудың шектескен жерінде Оңтүстік - Түркіменстан шекарасындағы Қапыланқыр шыңдарының жар қабағы Солтүстік - Атырау облысымен шекарадағы Желтау болып табылады.

Маңғыстау облысының ең биік нүктесі - Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы (556 метр). Ең төменгі нүктесі Қарақия немесе Батыр ойысының түбі (132 метр), Бұл ойыс өзінің тереңдігі жөнінен дүниежүзінде бесінші орын алады.

Өсімдік жамылғысы Маңғыстау өлкесінің дүниесін зерттеу жұмыстары ерте кезден басталып, 150 жыл бұрын ботаник және әуесқой табиғат зерттеушілері: А. Шренк, И. Борщов, П. Семенов-Тянь-Шаньский, И. Северцов, Эйхвальдтардың еңбектері арқылы ғылымға белгілі бола бастады. Оның ішінде 1825–1826 жылдары жарық көрген Эйхвальдтың – Каспий теңізінің Маңғыстаудан Шағадамға дейінгі жағалауындағы өсімдіктер дүниесі туралы еңбегі айрықша маңызды. Г.С. Карелин 1832 жылы Каспий теңізінің терістік шығысынан қамал салу үшін қолайлы орын іздей жүріп, Маңғыстаудың өсімдіктер дүниесі жөнінде құнды пікірлер қалдырды. И.Г. Борщовтың 1965 жылы жарық көрген «Арал-Каспий аймағының ботаникалық географиясына материалдар» атты еңбегінде Маңғыстау жарты аралының өсімдіктер дүниесі жөнінде көптеген ескертпелер жасалды. Маңғыстау жерін зерттеген атақты геологтар Барбот де Марин, Баярунас, Андрусов, Алексейчиктердің еңбектерінен де бұл аймақтың өсімдіктердүниесі туралы көптеген мағлұматтар алуға болады.

Маңғыстаудың құмды аймақтары мен Үстірт жонындағы түйелер де, сондай-ақ, Сам, Матай құмадарында: сексеуіл, жүзген, жыңғыл, қоянсүйек, ақшаотау, шағыр, құсқанбас, Орталық Үстірт жонының шығыс, терістік шығыс бөлігінде баялыш; тау бойы мен Түпқараған аймағында және Оңтүстік Маңғыстау жазығының ойпаң тұстарында қарағаш, қаттықара, қараған, түйесіңір өседі. Сонымен қатар, жердің бедері мен құрылымына, топырағының ащы, тұщылығына қарай теріскен, күйреуік, жантақ; құм жағаларында – сүттіген, Бозашы түбегінің теңіз жағалауында сораң мен садақ, Оңтүстік Маңғыстау жазығының үштен екі бөлігінде тітір шөбі өседі. Итсигекпен адыраспан,құрқашаш пен сүттіген көбіне елді мекенде немесе мал көп жайлаған тұяқкесті жерлерде кездеседі.

Маңғыстаудағы жайылымның негізін құрайтын басты мал азығы – жусан. Жусан аймақтың барлық жерінде өседі. Жусаннан кейінгі төрт түлік мал талғамай жейтін шөп – күйреуік. Қоныссыз жылдары күйреуік жақсы шықса, малшы қауым жусанды көп іздемей,қанағат тұтады. Ал бұйрығынды көктемей тұрғанда, не шала көктеу кезінде, содан кейін күз, қыс қарсаңында жақсы пайдаланылады. Сондай-ақ,изен, жапақ, тітір,жантақ барлық жерде біркелкі кездесе бермейді, бірақ төртеуінің де малға жұғымдылығы, қоректік сапасы өте жоғары.

Маңғыстауда тұрақты қоныс бола бермейді. Қысы қарлы, көктемі желсізжылы,жазы жаңбырлы болған жылдары шөптің қай түрі де: қызғалдық, сарғалдақ, раң, мортық, сіргеқара, беде, мысыққұйрық, аққайың, жауылша, қазтабан, шытыр, қоңырбас, сіңбірік, қоянжын; таулы жерлерде: киікоты, ерқұны, қына, түйежапырақ, қызылша; ащылы жерлерде: көкпек, домалатпа, түйеқарын, алабұта, кекіре, торғайот,балықкөз т. б. қаптап шығып,дала құлпырып кетеді. Бірақ, бұл сирек, 7–10 жылда бір кездесетін өзгермелі құбылыс.

Көктемгі төл шөптердің ішінде шаруашылық үшін ең пайдалысы – мортық. Мортық қонысты жылдары Маңғыстаудың көптеген жерлерінде шығады. Көктемде бас жарғанға дейін мал жақсы жейді. Кей жылдары мортықты мал азығы үшін де дайындайды. Азықтық және шығымдылық сапасы жағынан мортықпен деңгейлес шөптердің бірі – ебелек. Ол да мортық сияқты Маңғыстаудың көпшілік жерінде кездеседі. Мортықтан ерекшелігі – жаңбырлы жылдары көктемнен қоңыр күзге дейін мезгіл таңдамай шыға береді. Малдың барлық түрлі, оның ішінде жылқы малы ебелекті жақсы жейді. Дәнденіп, қатайған уақытта қозы үшін тиімсіз. Әдетте қазан айының соңғы он күндігінен бастап ебелек ұша бастайды. Малға жағымдылығы жағынан бағалы шөптердің бірі – ажырық. Ол тау қойнауларында, ағыстардың түйіскен, су жиналатын жартылай тақыр тегістіктерінде тұтас өседі. Ғылымда ажырықты мал семірткіш азық деп бағалайды. Шаруашылықтар қалың шыққан жылдары ажырықты малазығы үшін де дайындайды.

Маңғыстау даласында ши басқа өсімдіктер сияқты кең көлемде кездесе бердейді. Бұл су сағалайтын, жоғарғы қабаттағы тұщы сулардан нәр алатын өсімдік. Шиді тау бөктерлерінде, ызалы, еспелі бұлақтар маңында , құмның қоңырлыққа айқасар сулы, тепсенді алқаптарында кездестіруге болады. Ши сақалдарын мал жақсы жейді. Ал шидің өзін тартып дайындап, тоқып үй тұрмысына және малға ықтасын ретінде пайдаланады. Суармалы жерлерде мал азығы үшін жоңышқа, жүгері, судан шөбі жақсы өседі. Бірақ су көздерінің тапшылығына байланысты, өсімдіктің бұл түрлері кең көлемде тарамаған. Өзен, көл, жайылма судың жоқтығына байланысты Маңғыстауда тұрақты шабындық жоқ. Қоныс реттеріне қарай әр жылда әр жерден мал азығы дайындалады.

Дәрілік өсімдіктер. Маңғыстаудың байтақ даласында кездесетін сан алуан өсімдіктер дүниесінде емдік шөптердің алатын орны ерекше. Маңғыстауда дәрілік өсімдіктердің қоры өте көп, олар болашақта мұқият зерттеуді қажет етеді. Осыған орай Маңғыстау даласының табиғат жайылымында өскен малдың етінің ерекше дәмді болуы да тегін емес.

Адыраспан. Маңғыстаудың барлық аймақтарында кездеседі. Оның биіктігі 30–60 см. Мамыр, шілде айларында гүлдейді. Жемісі қоңыр түсті, ірі ұрығы бар шар тәріздес қауашақ. Негізінен ескі жұрт маңдарында өседі. Емдік мақсатқа алдараспанның шөбін яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүледрін пайдаланады. Алдараспан – ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Әбу Әли Ибн Сина оны сегізкөздік жүйкесінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде пайдаланған. Халық медицинасында адыраспанды ревматизм, қышыма, тері ауруларын булауға пайдаланады. Ал шөбінен жасалған қайнатындыны суық тигенде,безгек, жүйке жүйесінің әлсіреуіне пайдаланады. Шөбін жағып үйді, қойманы зарасыздандырады. Ұрығын зығыр тұқымымен қосып демікпені емдейді. Қара не қызылбұрышқа қосып, теңге қотырға жағады.

Ақ тұт. Түпқараған түбегі тауларында өседі. Тұт тұқымдас бұта, ақшыл-жасыл жемісі бар. Биіктігі 5–15 метрдей. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Қазіргі кезеңдерде тұт ағаштары күтімсіздіктен азып, жабайыланып, тұқымы азайып барады. Ақ тұттың жемістерінің, бұтақтарының қабығы мен тамырларының шипалық қасиеті бар. Жемісі қанды көбейтеді. Зат алмасуды реттейді, терлетеді, зәр айдайды, қақырық түсіреді. Діңінің қабығын жараға жапсырады, ал жапырақтары дене қызуын төмендетеді. Ақ тұт тамыры, қабығының суға қосылып жасалған тұнбасымен гипертонияны, бронхитті және демікпені емдейді.

Бәйшешек. Биіктігі 15–30 см. Иісті сары гүлдер шатырға ұқсас. Жемісі жұмыртқа тәріздес қауашақ мамыр-маусым айларында гүлдейді. Бәйшешек тамыры бронхит аурулары кезінде қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Витамин үшін жапырақтарын салат жасап жейді. Қақырық түсіреді, несеп жүргізеді, іш өткізеді. Гүлдерін бастың сақинасына, бастың айналуына, тамырын сүтке қайнатып туберкулезге, сабағы мен жапырақтарынан қайнатынды жасап, күн өткенле, аяқ-қол калтырағанда, буын сырқырағанда, ұйқы қашқанда ішуге болады.

Бозжиде. Ірі тікендері, тармақтары бар ағаш тәрізді, биіктігі 10 метрге жуық. Жапырағы сопақша, ақшыл тікенді түктері бар. Гүлдері бал иісті ашық сары, шоғырланып өседі. Шілдеде гүл жарып, қыркүйек, қазан айларында жеміс береді. Дәрілік мақсатта гүлдері мен жапырақтары, жемісі пайдаланылады. Бозжиде жемісі іш өткенде де пайдаланылады. Гүлінен қайнатып жүрек-қан тамырлары ауруларын, гипертониялық ауруларды емдеуге пайдалы тұнба жасайды. Сондай-ақ бозжиде жемісін тыныс органдары қабынғанда қақырық түсіруге де қоладанылады. Ғылыми медицинада бозжидеден асқазан ауруларын емдейтін лохпектан жән пшатин препараттарын жасайды.

Жантақ. Бұршақ тұқымдас, тікенді, көп жылдық өсімдік. Маусым, тамыз айларында гүлдейді. Маңғыстаудың құм етегі көлдеу тепсендерінде, тау шатқалы аңғарларында, сулы жерлерінде кездеседі. Емдік мақсатында жантақтың жапырақтары мен тамырын пайдаланады. Жантақ шөбін қайнатып, сүзгіден өткізгеннен кейін сұйығын күніне 3 рет 2 стаканнан ішеді. Қуыққа тас байланғанда сұйық дәрет жүргізу үшін, өт тазарту, іш жүргізуге пайдаланылады. Сондай-ақ бүйрек, қуық қабынуларына да пайдаланады. Жантақ қайнатындысынан геморройға қарсы ванна жасайды.

Изен. Алабұта тұқымдас, тік өсетін, жапырағы ұсақ, гүлдері де ұсақ, жасыл, қызғылт түсті болып келеді. Маңғыстауда құмды, бұйратты, қоңырлық жерлерде өседі. Емдік мақсатында изеннің дәндерін пайдаланады. Дәнін қыркүйек, қазан айларында жинайды. Қытай халық медицинасында изенді несеп жүргізетін, жүрек қызметін реттейтін емдік препарат ретінде қолданады. Сонымен қатар изенді тері мен тырнақтың кейбір ауруларын емдеу үшін пайдаланады.