Алексей Андреевич Миранчук (17 қазан 1995https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/255450, Кубандағы Славянск, Краснодар өлкесі, Ресей) — ресей футболшысы, Ресей Ұлттық футбол құрамасы мен "Аталанта" клубының жартылай қорғаушысы. Сыңары Антон Миранчук те футболшы.

Мансабы 2013-20 жылдары сыңары Алексеймен бірге "Локомотивте" ойнады. 2013 жылы 20 сәуірде Ресей Премьер лигасындағы тұңғыш ойынын "Кубанға" қарсы өткізді. 5 мамырда "Амкардың" қақпасына тұңғыш голын соқты.

2020 жылы жазда "Аталантаға" ауысты. Трансфер құны 14,5 млн еуроға бағаландыhttps://www.championat.com/football/news-4120775-lokomotiv-objavil-o-perehode-alekseja-miranchuka-v-atalantu.html.

2015 жылы 7 маусымда Беларусьқа қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты. 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Командалық «Локомотив»

Ресей чемпионы: 2017/18 Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2): 2018/19, 2019/20 Ресей чемпионатының қола жүлдегері: 2013/14 Ресей кубогы (3): 2014/15, 2016/17, 2018/19 Ресей суперкубогы: 2019

Жеке

Ресей чемпионатының үздік жас ойыншысы: 2013/14

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Ресей футболшылары Санат:Ресей Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Локомотив Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Аталанта ФК ойыншылары