Луис Хавьер Гарсия Санс (; 24 маусым 1978 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/7920, Бадалона), қысқаша Луис Гарсия () — испаниялық футболшы, жартылай қорғаушы.
Карьерасы 2004 жылы "Ливерпульге" ауысқанша Испанияның бірнеше клубында ойнады. 2002 жылға дейін "Барселона" клубына тиесілі болғанымен, "Реал Вальядолид", "Тенерифе", "Толедо" клубтарына жалға беріліп жүрді.
2002 жылы жазда "Атлетико Мадрид" клубына ауысып, бір маусым ойнады да, "Барселонаға" қайта оралды.
2004 жылы "Ливерпульдің" жетекші футболшысы Майкл Оуэн клубтан кетті де, орнына Луис Гарсияны сатып алды. Оның ливерпульдік клубқа ауысуына бапкер Рафаэль Бенитестің себі тиді ("Тенерифеде" ойнаған кезінде бапкері болған). "Ливерпульде" Луис Гарсияға 10-нөмір берілді, 2004/05 жылғы маусымда өте маңызды голдар соғып, клубтың УЕФА Чемпиондар лигасын ұтуына көп көмегін тигізді.
Бірақ бұдан кейінгі маусымдарда нәтижелілігі төмендеп кетті де, 2007 жылы "Атлетико Мадридке" ауысты.
Кейінгі карьерасында Испания, Мексика, Үндістан, Аустралия клубтарында ойнады.
Жетістіктері
«Ливерпуль»
Англия кубогы: 2006 Англия суперкубогы: 2006 Чемпиондар лигасы: 2005 УЕФА суперкубогы: 2005
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Реал Вальядолид ФК ойыншылары Санат:Тенерифе ФК ойыншылары Санат:Толедо ФК ойыншылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Расинг Сантандер ФК ойыншылары Санат:Панатинаикос ФК ойыншылары Санат:Пуэбла ФК ойыншылары Санат:УНАМ Пумас ФК ойыншылары Санат:Атлетико Калькутта ФК ойыншылары