Рикарду Мануэл Андради и Силва Са Пинту (; 10 қазан 1972 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/13817, Порту, Португалия) — португалиялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.

Карьерасы

Ұлттық құрама 1996, 2000 жылдары Еуропа чемпионатына қатысқан. Қазір бапкерлікпен айналысады.

Клубтық "Салгейруш", "Порту" клубтарының түлегі. 1991 жылы карьерасын "Салгейрушта" бастады.

1994 жылы "Спортинг Лиссабонға" ауысты. 1997-2000 жылдары "Реал Сосьедадта" ойнап, 2000 жылғы Еуропа чемпионатынан соң "Спортингке" оралды. 2001/02 жылғы маусымда Португалия чемпионы атанды. 2005 жылы УЕФА кубогының жеңімпазы атануға мүмкіндігі болды, бірақ финалда "Спортинг" ЦСКА-дан 1:3 есебімен ұтылып қалды. Бұл ойында Са Пинту 73 минут ойнады.

2006/07 жылғы маусымды "Стандард" клубында өткізді.

2010 жылы "Униан Лейрия" клубында бапкерлік қызметін бастады.

Жетістіктері

Клубтық

Португалия чемпионы: 2001/02 Португалия кубогы: 1994/95, 2001/02 УЕФА кбуогының финалисі: 2004/05

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Статистикасы Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Салгейруш ФК ойыншылары Санат:Спортинг Лиссабон ФК ойыншылары Санат:Реал Сосьедад ФК ойыншылары Санат:Стандард Льеж ФК ойыншылары Санат:Португалия футбол жаттықтырушылары Санат:Спортинг Лиссабон ФК жаттықтырушылары Санат:Црвена Звезда ФК жаттықтырушылары Санат:ОФИ ФК жаттықтырушылары Санат:Атромитос ФК жаттықтырушылары Санат:Белененсиш ФК жаттықтырушылары Санат:Стандард Льеж ФК жаттықтырушылары Санат:Легия ФК жаттықтырушылары Санат:Брага ФК жаттықтырушылары Санат:Әл-Фатех ФК жаттықтырушылары