Роберт Виттек (; 1 сәуір 1982https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3531, Братислава, ЧССР) — словакиялық футболшы, шабуылшы. Словакия Ұлттық футбол құрамасының әлем чемпионаттарындағы тұңғыш голының авторы. 2010 жылғы әлем чемпионатына қатысып, бірінші турда Жаңа Зеландия қақпасына бір гол енгізді. Үшінші турда Италия қақпасына екі гол соғып, құраманың 1/8 финалға шығуына көмектесті.

1/8 финалда Нидерланд қақпасына бір гол соқты, бірақ Словакия 1:2 есебімен ұтылып қалды. Жалпы турнирдегі Словакияның бес голының төртеуін Виттек енгізді.

Карьерасы "Слован" (Братислава) клубының түлегі. 2003 жылға дейін осы клубтың намысын қорғап, 2003 жылы Германия екінші бундеслигасындағы "Нюрнбергке" ауысты. 2004 жылы жазда клубпен бірге Германия бірінші Бундеслигасына жолдама алды.

2008-10 жылдары "Лилль" клубында доп тепті.

Одан кейінгі жылдары Түркия клубтарында ойнады ("Анкарагүджү", "Трабзонспор"), 2013 жылы туған клубы "Слованға" оралды.

Жетістіктері

Командалық «Нюрнберг»

Германия кубогы: 2007

«Слован»

Словакия чемпионы: 2014 Словакия кубогы: 2018

Жеке

Словакиядағы жыл футболшысы: 2006

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Санат:Словакия футболшылары Санат:Словакия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Нюрнберг ФК ойыншылары Санат:Слован Братислава ФК ойыншылары Санат:Лилль ФК ойыншылары Санат:Анкарагүджү ФК ойыншылары Санат:Трабзонспор ФК ойыншылары Санат:Дебрецен ФК ойыншылары