Сержиу Паулу Марсенейру да Консейсау (; 15 қараша 1974https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/7912, Коимбра) — португалиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Қазір бапкерлікпен айналысады. 2024 жылдан бері "Милан" клубының бас жаттықтырушысы.
Карьерасы Карьерасында Португалия, Италия, Кувейт, Грекия чемпионаттарында доп тепті. Алты жылдай Италияның "Лацио", "Парма", "Интернационале" клубтарында ойнады.
Ұлттық құрама сапында 2000 жылғы Еуропа чемпионатына, 2002 жылғы әлем чемпионатына қатысты. 2000 жылғы еурододаның үшінші турында күтпеген жерде Германиямен ойында хет-трик жасады.
2012 жылы бапкерлікке кірісті. 2012—2013 португалиялық Ольяненсе клубын жаттықтырды. 2013—2014 маусымында Академика клубының бас бапкері болды. Бапкерлік маңсабын 2014—2015 жылы португалиялық Брага клубында жалғастырды. 2015—2016 жылдары Витория (Гимарайнш) клубын жаттықтырды. Бапкерлік карьерасында алғашқы шетелдік клуб франциялық Нант клубы болды. Бұл клубта 2016-2017 жылдары жұмыс істеді. 2017 жылдан 2024 жылға дейін Порту клубының бас бапкері болды. 2024 жылдан бері Милан клубын жаттықтырады.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде
Командалық Порту
Португалия чемпионы: 1996/97, 1997/98, 2003/04 Португалия кубогы: 1997/98 Португалия суперкубогы: 1997
Лацио
Италия чемпионы: 1999/2000 Италия кубогы: 1999/00, 2003/04 Италия суперкубогы: 1998 Кубок иелері кубогы: 1998/99 УЕФА суперкубогы: 1999
Жеке
Бельгиядағы жыл футболшысы: 2005
Бапкер ретінде
Командалық Порту
Португалия чемпионы: 2017/18, 2019/20, 2021/22 Португалия кубогы: 2019/20, 2021/22, 2022/23, 2023/24 Португалия суперкубогы: 2018, 2020, 2022 Португалия лигасының кубогы: 2022/23
Милан Италия суперкубогы: 2024
Жеке
Португалияның үздік бапкері: наурыз 2018 Португалияның үздік бапкері: 2017/18
Дереккөздер
Сілтемелер
National team data
Санат:Португалия футболшылары Санат:Порту ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Стандард Льеж ФК ойыншылары Санат:Әл-Кадисия Кувейт ФК ойыншылары Санат:ПАОК ФК ойыншылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Португалия футбол жаттықтырушылары Санат:Академика ФК жаттықтырушылары Санат:Брага ФК жаттықтырушылары Санат:Витория Гимарайнш ФК жаттықтырушылары Санат:Нант ФК жаттықтырушылары Санат:Порту ФК жаттықтырушылары