Нью-Йорк, кейде Нью-Йорк сити () — Америка Құрама Штаттарындағы ең тығыз мекенделген, ең ірі қаласы және әлемдегі ең урбандалған қала.
Нью-Йорк 1970 жылдан бері АҚШ-тың ең ірі қаласы әрі АҚШ-тың алғашқы астанасы болған, мұнда Джордж Вашингтонның алғашқы ел президенті ретіндегі инаугурациясы өтті. Бір ғасырдан аса уақыт бойы әлемнің ең негізгі коммерция және қаржы орталығы болып келеді. Әлемге бұқаралық ақпарат құралдары, саясат, білім, көңіл көтеру, өнер және сән салаларындағы ықпалы бойынша көшбасшы орталық болып есептеледі. БҰҰ бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан.
Нью-Йорк 5 ауданнан тұрады: Бронкс, Бруклин, Куинс, Манхэттен және Статен-Айленд.
Негізгі туристік нысандар Манхэттенде орналасқан. Олардың арасында: тарихи биік ғимараттар (Эмпайр-Стейт-Билдинг, Крайслер-билдинг), Рокфеллер-центр, Вулворт-билдинг, Метрополитен көркем мұражайы, Метрополитен-Опера, Соломон Гуггенхайм замануи өнер мұражайы, Америкалық жантану тарихы мұражайы (динозаврлар мен планетарийлер қаңқалары), аты аңызға айналған «Челси» қонақ үйі, БҰҰ бас пәтері, Гарлем және де әлемге танымал Бостандық ескерткіші.
Нью Йоркте көптеген колледждер және университеттер де орналасқан, NYC Colleges and Universities олардың ішіне әлемдік үздік 50 қатарына кіретін Колумбия университеті, Нью-Йорк университеті, және Рокфеллер унверситеті де бар. Academic Ranking of World Universities
Діндер Қалада әлемнің барлық діндері мен діни секталарының өкілдері тұрады. Сан жағынан басым христиан және иудаизм ізбасарлары. Нью-Йоркте барлық негізгі діндердің діни ғимараттары бар.
Климаты Кеппен климатының жіктелуіне сәйкес, Нью-Йорктің климаты ыстық жазы бар ылғалды субтропикалық ретінде сипатталады. Алисовтың классификациясына сәйкес, қаланың климаты қоңыржай континенталды, бірақ субтропикалық әсерімен. Жауын-шашын жыл бойына салыстырмалы түрде біркелкі бөлінеді. Күн сәулесінің орташа жылдық саны — 2680 сағат. Қала мұхит жағалауында орналасқанына қарамастан, жаз бен қыстың арасындағы температура айырмашылығы айтарлықтай үлкен, өйткені ауа массаларының басым қозғалысы материктен келеді. Мұхиттың әсері шамалы, бірақ температураның ауытқуын біршама жеңілдетеді. Тағы бір фактор-тығыз қала құрылысы, бұл орташа температурасы жоғары микроклиматты құруға ықпал етеді. Қыста Нью-Йоркте орташа температура -2 °C және +5 °C аралығында болады, нормадан жиі ауытқулар болады. Әр қыста дерлік қар жауады, жылына орта есеппен 60 см. Көктем жұмсақ, температурасы 7 °C-тан 16 °C-қа дейін.жазда Нью-Йоркте салыстырмалы түрде ыстық, орташа температура 19 °C-тан 28 °C-қа дейін, жоғары ылғалдылық кезеңдері бар. Көбінесе температура 32 °C-тан асады, ал кейде жылу 38 °C-қа жетеді. Нью-Йорктегі күз жұмсақ, температурасы 10 °C-тан 18 °C-қа дейін.
Экономикасы thumb|210px|Нью-Йорк қор биржасы — әлемдегі капитализыциясы бойынша ең ірі биржа.http://www.world-exchanges.org/files/file/stats%20and%20charts/July%202010%20WFE%20Market%20Highlights.pdf
Нью-Йорк — Америка Құрама Штаттарының және әлемдегі ең маңызды қаржы экономикалық орталық. Нью-Йорк, Лондон және Токиомен қатар әлемдегі үш маңызды экономикалық орталық болып табылады. Қаланың Жалпы аймақтық өнімі 2007 жылы $1210,2 млрд құраған, осылайша АҚШ мегаполистері ішінде алғашқы орынға шықтыUS Metro Economies // usmayors.org . thumb|210px|Уолл-стрит — АҚШ қаржылық қуаттылығының нышаны. Нью-Йорк қаржы ұйымдары 2008 жыл аяғына қарай 40 % әлемдік қаржыны басқарған. Нью-Йоркті Citigroup, J.P. Morgan Chase & Co., American International Group, Goldman Sachs Group, Morgan Stanley, Merrill Lynch және т.б. ірі қаржылық ұйымдар өз бас пәтері ретінде таңдаған. Сонымен қатар Verizon Communications, Pfizer, Alcoa, News Corp., Colgate-Palmolive сияқты ірі мұнай корпорациялар бас кеңселері де осында. Қалада Нью-Йорк қор биржасы, NASDAQ, Америка қор биржасы, Нью-Йорк тауар биржасы және :en:New York Board of Trade. Нью-Йорк қаржы саласы төменгі Манхэттендегі Уолл-стритте шоғырланған.
Дәстүрлі өндіріс салалары да маңызды рөлдерін жоғалтпады, дегенмен соңғы кездері олардың үлесі азаюда. Қалада дамыған негізгі өндіріс салалары: машинажасау, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі. Жаңа салалар да қарқынды дамуда: биотехнология, бағдарлама жасау, интернет-бизнес. Құрылыс пен девелопменттің орны да орасан: Нью-Йорк жылжымайтын мүлкі әлемдегі ең қымбат қала ретінде белгіліКак выгодно вложить деньги во время кризиса // Независимая газета Мәскеу на четвёртом месте по стоимости элитного жилья // vsluh.ru .
Бастапқыда Нью-Йорк америкалық кинематография орталығы болғанымен оның орнын Голливуд тартып алды, дегенмен қазір де Нью-Йоркте фильмдер мен телебағдарламалар түсіріледі. Нью-Йорк АҚШ сән астанасы, бұл жерде әлемнің көптеген модельерлер бас пәтері орналасқан. Нью-Йоркте көп баспалар бар. Туризм де қарқынды дамыған. Нью Йоркқа жыл сайын 50 миллион қонақ келеді екен.
Тарихи бауырлас қалалар Нью Йорк тарихи он қаламен бауырлас: Қала Бері Токио, Жапония 1960 Бейжің, Қытай 1980 Каир, Мысыр 1982 Мадрид, Испания 1982 Санто-Доминго, Доминикан Республикасы 1983 Будапешт, Мажарстан 1992 Рим, Италия 1992 Иерусалим, Израиль 1993 Лондон, Ұлыбритания 2001 Йоханнесбург, Оңтүстік Африка http://www.iscpa.us/english/zlen00003.html ; mention to Johannesburg as a sister city of New York 2003 1060px
Қызықты мәліметтер 1886 жылы АҚШ тәуелсіздігінің 100 жылдық мерейтойына арнап Франция елі достық қарым-қатынастың құрметіне Бартольдинің «Азаттық мүсінін» сыйға тартқан. Сары такси – Нью-Йорк қаласының ерекше белгісі. Манхэттенде 11 000 «кэб» айналып жүреді. 1965 ж 11 қарашасын «Ұрылар мерекесі» деп атайды. Дәл осы күні Нью-Йорк пен АҚШ-тың солтүстік-шығысында 25 млн. тұрғынның 24 сағатқа электржарығы сөндіріп тасталды.
Тағы қараңыз Азаттық мүсіні
Дереккөздер
Санат:Нью-Йорк Санат:Миллионер қалалар Санат:АҚШ-тың бұрынғы астаналары Санат:АҚШ-тың бұрынғы штат астаналары