«Серветт» () — Швейцарияның Женева қаласындағы футбол клубы, 1890 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын "Стад де Женев" стадионында өткізеді. Сыйымдылығы 31 124 адам. Клуб қазіргі күнде Швейцария суперлигасында ойнайды.

2005 жылы қаржылық дағдарыстардан соң бірінші лиганың үшінші тобына (үшінші дивизион) түсіп қалды. 2011/12 жылғы маусымда ғана суперлигада ойнауға мүмкіндік алды. Бірақ 2012/13 жылғы маусым соңында соңғы орында қалып, қайтадан Челлендж лигаға төмендеді. 2018/19 жылғы маусым қорытындысында араға ұзақ уақыт салып суперлигаға оралдыhttp://www.super-servette.ch/.

Жетістіктері

Швейцария чемпионы (17): 1906/1907, 1917/1918, 1921/1922, 1924/1925, 1925/1926, 1929/1930, 1932/1933, 1933/1934, 1939/1940, 1945/1946, 1949/1950, 1960/1961, 1961/1962, 1978/1979, 1984/1985, 1993/1994, 1998/1999. Швейцария кубогы (7): 1928, 1949, 1971, 1978, 1979, 1984, 2001. Швейцария лига кубогы (3): 1977, 1979, 1980. Альпі кубогы (4): 1973, 1975, 1976, 1978 Сағаттар кубогы (2): 1984, 2002

Танымал тұлғалары

Атақты ойыншылары Андре Абегглен Жак Фаттон Северино Минелли Лауро Амадо Женя Валашек Люсьен Фавр Хайнц Херманн Андре Эгли Ален Гейгер Марко Пасколо Кубилай Тюркильмаз Кристоф Орель Себастьен Фурнье Александр Фрай Филипп Сендерос Патрик Мюллер Рето Циглер Йохан Фонлантен Иштван Ньерш Карл-Хайнц Руммениге Оливер Нойвиль Бернар Женгини Кристиан Карамбё Игорь Добровольский

Атақты бапкерлері

Карл Раппан Енё Винце Бела Гуттман Руд Крол Люсьен Ледюк Фернан Жаккар Люсьен Фавр

Дереккөздер

Сілтемелер http://www.servettefc.ch/

Санат:Швейцария футбол клубтары