«Локомотив» Лейпциг () — Германияның Лейпциг қаласындағы футбол клубы, өз алаңындағы ойындарын "Плахе-Штадион" аренасында өткізеді, сыйымдылығы 12 321 адам. Қазіргі күнде Германияның төменгі лигаларында ойнайды.
Тарихы Клуб бірнеше рет құрылып, бірнеше рет таратылды. Алғаш 1893 жылы "Лейпциг" деген атаумен құрылып, 1937 жылы жабылды. 1966 жылы "Локомотив Лейпциг" деген атаумен құрылып, 2001 жылға дейін ойнады. Осы аралықта бірнеше рет еурокубоктерге қатысты. Тіпті 1987 жылы кубок иелері кубогының финалына дейін жетіп, "Аякстен" ұтылды.
2001 жылы тағы таратылды да, екі жылдан соң әуесқой клуб ретінде тарихын қайта жаңғыртты.
Жетістіктері Ұлттық ГДР чемпионатында екінші орын 1967, 1986, 1988 ГДР кубогы: 1957, 1976, 1981, 1986, 1987
Халықаралық Кубок иелері кубогының финалисі: 1987 Интертото кубогы: 1965/66 Интертото кубогының финалисі: 1964/65
Сілтемелер Ресми сайты
Санат:Германия футбол клубтары Санат:1893 жылы құрылған футбол клубтары Санат:Локомотив Лейпциг ФК