Франция — Мексика футбол матчы — 1930 жылғы әлем чемпионатының беташар матчы, Футболдан әлем чемпионаттары тарихындағы тұңғыш ойын. Матч 30 шілде күні Монтевидеодағы "Поситос" стадионында өтіп, Франция футболшылары 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Шолу thumb|left|200px|Француздар сапынан гол соққан Люсьен Лоран мен Марсель Ланжилье Матч жергілікті уақыт бойынша 15:00-де басталды. 19-минутта есеп ашқан француз футболшысы Люсьен Лоран былай деп еске алады: "Оңтүстік Америкада қыс мезгілі болғандықтан, қар жапалақтап тұрды. 19-минутта Эрнест Либерати сол қанаттан айып алаңына доп асырды, мен ойланып тұрмастан қақпаға бірден бағыттадым, қақпашы Бонфильо допқа тосқауыл бола алмады. Командаластар мені жәй ғана құттықтады да қойды. Дәл қазіргідей есіміз шыға қуанып немесе көгалға сырғанап ұлан-асыр бола қоймадық. Ол кезде голға аса қатты қуану деген жоқ едіhttps://www.sovsport.ru/football/articles/681285-ljusien-loran-nikto-ne-dumal-o-tom-chto-my-tvorim-istoriju.
30-минутта француздар қақпашысы Алекс Тепо жарақатына байланысты амалсыз алаңнан кетті. Ол кезде ойыншы ауыстыру болмағандықтан, қақпаға қорғаушы Огюстен Шантрель тұрды. Бір ойыншы кем боп қалғанына қарамастан, француздар бұдан кейін үш гол соқты. Мексикалықтар тек Хуан Карреньоның айып добынан соққан голымен ғана жауап бере алды. Ал тұңғыш голдың авторы Лоран екінші тайм басында жарақат алды да, ойынның қалған бөлігін ақсаңдап өткізді. Соған қарамастан ірі жеңіске жетуі француздардың ол кезде аса күшті болғандығын білдіреді.
Жалпы тарихи матч бола тұра, ол кезде әлем чемпионатына қызығушылықтың жоқтығынан стадионға 4444 көрермен ғана жиналды. Бұның тағы бір себебі ретінде матч қолайсыз ауа райында ойналғанын да айтуға болады.
Француздар чемпионатты сәтті бастағанымен, бұдан кейінгі екі ойында да ұтылып, жартылай финалға шыға алмады.
Матч
Детальдар
GK 1 Алекс ТепоFB 2 Этьенн МаттлерFB 3 Марсель КаппельHB 4 Огюстен ЧантрельHB 5 Александр Вилаппан (к)HB 6 Эдмонд ДельфурFW 7 Марсель ПинельFW 8 Люсьен ЛоранFW 9 Андре МашинноFW 10Эрнест ЛибератиFW 11Марсель ЛанжильеБапкер: Рауль Кардон GK 1 Оскар БонфильоFB 2 Рафаэль Гарса Гутьеррес (к)FB 3 Мануэль РосасHB 4 Эфрайн АмескуаHB 5 Альфредо СанчесHB 6 Фелипе РосасFW 7 Иларио ЛопесFW 8 Хосе РуисFW 9 Дионисио МехьяFW 10Хуан КарреньоFW 11Луис ПересБапкер: Хуан Луке де Серральонга
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:1930 жылғы футбол Санат:Футболдан 1930 жылғы әлем біріншілігі Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Мексика Ұлттық футбол құрамасының ойындары