нобай Goat Simulator (ағылш. «Ешкі симуляторы») — шведтік Coffee Stain Studios студиясы әзірлеп, шығарған симулятор жанрындағы бейнеойын. Ойын 2014 жылғы 1 сәуірде Steam цифрлық тарату қызметі арқылы дербес компьютерлерге шығарылды. 2015 жылғы 11 тамызда Солтүстік Америкада PlayStation 3 және PlayStation 4 платформаларына, ал бір күннен кейін Еуропада жарық көрді. Негізгі ойын мен оған дейінгі барлық қосымшаларды қамтитын Nintendo Switch нұсқасы 2019 жылғы 23 қаңтарда шықты.

Coffee Stain Studios бұл ойынды скейтбординг ойындарымен салыстырады. Алайда мұнда басты кейіпкер — ешкі. Ойыншы ешкіні басқарып, мүмкіндігінше көп зиян келтіріп, айналасындағы нысандарды қиратады. Ойынның алғашқы прототипі Game Jam кезінде жасалып, альфа-нұсқасы YouTube желісінде көрсетілді. Бұл көпшіліктің үлкен қызығушылығын тудырып, әзірлеушілерді ойынды толық аяқтауға ынталандырды.

Goat Simulator сыншылардан әртүрлі пікірлер алды. Кейбір шолушылар ойынның әзілге толы ерекше стилін жоғары бағаласа, енді біреулері әзірлеушілердің толық аяқталмаған, көптеген бағдарламалық қателері бар өнімді әлеуметтік желілер арқылы кеңінен насихаттағанын сынға алды.

Ойынның жалғасы 2022 жылғы 17 қарашада жарық көрді.https://goatsimulator.gamepedia.com/Goat_Simulator

Ойынды жасаушы оны ​​скейтбординг ойындарымен салыстырады, бірақ ойыншы ашық әлем картасында мүмкіндігінше көп зиян келтіру керек. YouTube платформасында көрсетілген ойынның трейлері ойыншылар арасында толқу мен назарға бөленді.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер