Қасым хандығын (1452—1681) билеген хандар, сұлтандар (ханзадалар), бегімдер тізімі.

Қазан әулеті Қасым, Ұлық Мұхаммед ханның ұлы, Қасым ханзадасы (1445—1468). Данияр, Қасым ханның ұлы, Қасым ханзадасы (1468—1486).

Қырым әулеті Нұрдәулет хан, I Қажы Герейдің ұлы, Қасым ханы (1486—1491). Сатылған, Нұрдәулет ханның ұлы, Қасым ханзадасы (1491—1506). Жанай, Нұрдәулет ханның екінші ұлы, Қасым ханзадасы (1506—1512).

Астрахан әулеті Шейхәулияр хан, Бақтияр сұлтанның ұлы, Қасым ханзадасы (1512—1516). Шаһғали хан, Шейхәулиярдың ұлы, Қасым ханзадасы (1516—1519), (1535—1546). Жанғали хан, Шейхәулиярдың ұлы, Қасым ханзадасы (1519—1531). Сайынболат (шоқыннан кейін Симеон) хан, Бекболат сұлтанның ұлы, Қасым ханы (1567—1573). Мұстафағали хан, Ғабдулла Ақкүбектің ұлы, Қасым ханы (1584—1590).

Қазақ әулеті Ораз Мұхаммед, Ондан сұлтанның ұлы, Қасым ханы (1600—1610).

Сібір әулеті Арслан хан, Әлидің ұлы, Қасым ханы (1614—1627). Сейітбұрхан (шоқыннан кейін Василий Арсланович), Арслан ханның ұлы, Қасым ханзадасы (1627—1679). Фатима Сұлтан бегім, Арслан ханның әйелі, Сейітбұрханның анасы, Қасым ханбикесі (1679—1681).

Әдебиет

Санат:Қасым хандары