Гвардия лейтенанты Алтыншаш Өскенбайқызы Нұрғожинова 1924 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1941 жылдың тамызынан Қызыл армия қатарында болған. Әскерге Мәскеу қаласының Сталин аудандық әскери комиссариаты арқылы шақырылған. Комсомол ұйымдастырушыларының алты айлық курсын тәмамдаған соң Орталық, Воронеж және Украина майдандарында жаумен шайқасқанКанапьянов, Б. (2007). Звали ее Алтыншаш. Педагогический журнал "Коллеги". http://collegy.ucoz.ru/publ/7-1-0-355.
Майдандағы қызметі Алғаш 8-гвардиялық дивизияның бiрiншi батальонының комсоргы болады. 1942 жылы желтоқсанда жараланып, госпитальға түседi. Госпитальдан шыққаннан кейiн бiрiншi танк армиясының №24 жеке механикаландырылған құрамының санитарлық бөлiмiнде медбике болып iстейдi. 1943 жылы қарашада қайтадан жараланады. Ауыр жарақаттан жазылып шығысымен 1944 жылдың наурызында 237-атқыштар дивизиясы 835-атқыштар полкiнiң бiрiншi батальонына комсорг болып барады. Ең ақырында 1944 жылғы шiлдеде 70-атқыштар дивизиясы 207-атқыштар полкiнiң екiншi батальонына комсорг болады. 1944 жылғы 2 қазанда қаза тапты. Польшадағы Краков воеводствосының Лугмян ауданындағы «Гуто-Полянск» елдi мекенiнiң терiстiк-батыс жағына жерлендi. Қаза болғаннан кейiн «Қызыл Жұлдыз» орденiмен марапатталдыҚаһарман қыз Алтыншаш немесе ақын аузынан естiген аңыз. Ана тілі. 1 Мамыр, 2014.http://anatili.kazgazeta.kz/news/19508.
Майдандағы ерлігі 1944 ж. дивизиялық «Патриот Родины» газетiнде «Фашистiң екi танкiсiнiң күлiн көкке ұшырған комсомолка Алтыншаш Нұрғожинованың рухына» атты өлең жарияланған. Оның авторы – Одесса университетінің профессоры Михаил Левченко. Өзі былай деп жазады: "Ол кезде мен «Патриот Родины» газетінің қатардағы қызметкері едім. Майданда материал жинап жүріп, бір топ солдаттармен және офицерлермен бірге неміс фашистерінің қоршауында қалып қойдым. Меніңше, бұл Катовице маңында болса керек. Жағдай тым қиын еді. Кенет жауынгерлердің арасынан қаршадай бір қазақ қызы шыға келді де, қорғаныс ұйымдастырып, алға ұмтылды. Гранатамен жаудың бір танкісін отқа орады. Орнынан тұрып, «алға» деп ілгері ұмтылғанда, тасадан екінші темір тажал шыға келгені ғой. Әлгі қыз әй-шайға қарамастан, соған қарсы ұмтылды. Өзі де мерт болды. Жолдастарына да жол ашты. Ол осы батальонның комсоргі Алтыншаш Нұрғожинова екен. Өлгеннен кейін оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынды". Алайда, Алтыншаш Нұрғожиноваға "Кеңес Одағының Батыры" атағы берілмеді. Өзіміз емес, өзгелер білген батыр офицер қыз – Алтыншаш Нұрғожинова. Алаш айнасы. 26.07.2010. https://alashainasy.kz/society/ozmz-emes-ozgeler-blgen-batyir-ofitser-kyiz--altyinshash-nurgojinova-9510/
Дереккөздер
Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Соғыс ардагерлері Санат:1924 жылы туғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Соғыста қайтыс болғандар