Ядролық қаруды таратпау туралы шарт — КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, т.б. мемлекеттер 1968 жылы 1 шілдеде қол қойған келісім. Қазіргі кезде оған қол қойған мемлeкеттер саны 131-ге жетті. (Ядролық державалар ішінде Қытай және Франция қатыспайды). Келісім ядролық державаларды басқа мемлекеттерге ядролық қару бермеуге, оларды өндіруіне немесе алуына ешбір көмек көрсетпеуге, ал ядролық қарусыз мемлекеттерді ядролық қару алмауға, оны өндірмеуге, осыған қатысты белгілі бір мемлекеттен көмек алмауға не сұрамауға міндеттейді. Бұл бейбіт мақсаттар үшін қолданылатын ядролық жарылыс қондырғыларына да қатысты. Оған бақылау жасау Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агентік арқылы жүзеге асырылады.Қазақ энциклопедиясы, 10 том.

Дереккөздер

Санат:Қырғи қабақ соғысы Санат:Халықаралық шарттар Санат:Ядролық қару Санат:БҰҰ конвенциялары және келісімдері Санат:Қару-жарақты шектеу туралы келісімдер Санат:Ресейдің халықаралық келісімдері Санат:АҚШ-тың халықаралық келісімдері Санат:Украинаның халықаралық келісімдері Санат:Ядролық қаруды шектеу