Матвеев – Ертіс алабындағы тұйық көл.
Географиялық орны Қызылтұз көлдерінің солтүстік-батысында орналасқан. Павлодар облысы Железин ауданындағы Жаңа Жұлдыз ауылының батысында 4 км-дей жерде, теңіз деңгейінен 102 м биіктікте жатыр.
Гидрографиясы Аумағы 7,1 км², ұзындығы 5,6 км, енді жері 1,5 км, жағалау бойының ұзындығы 15,8 км. Жауын-шашын,жер асты суларымен толысады. Жағалауы негізінен жайпақ, пішіні доға тəрізді, батыс жəне шығыс бөліктерінде қалың қамыс өскен. Қараша–сəуір аралығында суы қатады. Суы тұщы. Жазда мал суаруға жарамды. Алабы шабындық, шүйгін жайылым ретінде пайдаланылады.Қ 18 ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ: Энциклопедия / Басред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақэнциклопедиясы» ЖШС, 2012.Т.4. – 304 бет.ISBN 9965-893-84-5
Дереккөздер
Санат:Железин ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы