Александр Сергеевич Кочетков (12 мамыр, 1900, Лосиноостровкая, Ресей империясы – 1 мамыр, 1953, Мәскеу, РКФСР, КСРО) — орыс жазушысы мен аудармашысы.
Өмірбаяны 1917 жылы Лосиноостровск гимназияны аяқтаған.Мәскеу мемлекеттік университетінде филология факультетінде оқыған.
Өлең жазуды бала кезінде бастады. 17 жасынан бастап Вера Меркурьеваның шәкірті болды, уақыт өте келе Вячеслав Ивановпен танысып, жақындасты: «1921 жылы мен сүйкімді, сұлу және таңғажайып Кочетковты таныдым», — деп Иванов ақыры жазған. Кочетков тірісіндегі жалғыз өлеңдерді жариялауы «Золотая зурна» (Владикавказ, 1926) альманахында болған, пьесалары көзі тірісінде жарық көрмеді. Сондай-ақ Кочетков кеңінен батыс және шығыс тілдеріндегі прозалық, поэзиялық аудармашы болып танылған.
Бүкілхалықтық даңқты Кочетковқа «Темекі сіңген пойыз туралы баллада» өлеңі алып келді, көбіне «Сүйіктілермен айырылыспандар» тармағымен танымал. 1932 жылы жазылған, бірақ тек 1966 жылы Кочетков өнерінің қажымас үгітшісі Л.Озеровтың «Поэзия күні» жинағында «Баллада...» туындысы ХХ ғасырдың екінші бөлігінде "Тағдыр ирониясы, немесе жеңіл бумен" фильмі арқылы танымал болды. «Баллада»-ның тармағымен А.Володиннің пьесасы аталған, оның негізінде аттас фильм түсірілген. «Баллада ...» кездейсоқ құтқару әсерімен жазылған: 1932 жылдың күзінде әйелі Инна Григорьевна Прозрителевамен қоштасуды 3 күнге кейінге қалдыру үшін Кочетков Сочи-Мәскеу пойызына билет тапсырды және де Люблино Дачное станциясында апат болды. 36 адам қайтыс болды, ал 51 адам жарақат алды. Сот шешімімен келесі қызметкерлер кінәлі деп танылды. Олар:станция бастығы (атылды), станция кезекшісі (8 жыл түрмеге отырғызылды), күзетші (6 жылға бас бостандығынан айырылды), сигнал беруші (1 жылға сотталды). Мәскеуден Инна Григорьевна жіберген хаттың өзі де, осы өлең болған. «Баллада»-ның бірінші танымалдылық шыңы жарияламас бұрын бағындырылды: ҰОС кезінде оны жазып, жатқа айтып жүрген. Әдебиет сыншысы И.Кукулиннің пікірінше, «Баллада» соғыс кезінде «Мені күт» өлеңін жазған Константин Симоновқа үлгі болуы мүмкін. Кочетков көптеген шығармаларды аударған: «Жас баланың таңғажайып мүйізі» Арнима және Брентано (толықтай жарияланбаған), Бруно Франканың Сервантесе жайлы романы, Хафиздің өлеңдері, Анвариды, Фаррухиды, Унсариды, Эс-хабиб Вафаны, Антала Гидашты, Шиллерді, Корнельді, Расинды, Беранжені, грузиндік, литвалық, эстондық жазушыларды. Эпостарды аударуда қатысқан («Давид Сасунский», «Алпамыш», «Калевипоэг»). Кейбір пьесалардағы өлеңдер авторы «Коперник» (Мәскеу Планетариялық театры), «Ерікті фломандықтар» (С. Шервинскиймен бірге), «Надежда Дурова» (К. Липскеровпен бірге). Жерленген жері Кочетковтың күлі бар урна Донской зиратына жерленді (колумбарий 14, 84 бөлім). 2014 жылға қарай, жерлеуді Некрополия қоғамының мүшелері анықтаған кезде, урна әйнектің артында қирап қалды, «ақын Александр Сергеевич Кочетков» деген жазу әрең оқылды. Қазіргі кезде тауашада ақынның портреті мен оның ең танымал өлеңінің жолдары салынған тақта орнатылған. Шығармалары Аяз. Балаларға арналған өлеңдер. — Л.: Радуга, 1927 Кочетков А., Шервинский С. Ерікті фламандықтар: Пьеса 5 д. және 8 карт. Шарль де Костердің ойлары бойынша. — М.: Гослитиздат, 1937. — 156 с., 3 000 көш. Коперник: Драмал. поэма в 3 бөлімде, 9 көріністе прологпен, эпилогпен / кәсіп. К. Л. Баеваның қатысуы және матеиралы бойынша. — М.: Бас. и стеклогр. баспа «Искусство», 1938. — 131 с. Николай Коперник: Драм. поэма / Бас. және кіріспе. Л. Озеровтікі; [Ил.: Н. И. Калита]. — М.: Совет жазушысы, 1974. — 208 б.; портр. —10 000 көш. Кочетков А., Липскеров К. Надежда Дурова: 4 акттан тұратын пьеса. — М.—Л.: Музгиз, 1942. — 47 б. — . То же. М.—Л.: Искусство, 1942. — 103 б. Сүйіктілермен айырылспандар: Өлеңдер мен поэмалар / [Кіріспе. б. Л. Озеровтікі; Сур. В. Борисов]. — М.: Совет жазушысы, 1985. — 144 б. — 20 000 көш. *Мазмұны.: Лирика; Драм. новеллалары: Аделаида Граббе; Гомер басы; Андерсен мерекесі; Поэмалар: Жасөспірімдік; Таңертеннен кейін; Ақын туралы естелік; Ағаштар.
Аудармалары
Вафа, Ахмет Эс-Хабиб. Бунт. / Ауд. үнді т. — М., 1931 Гидаш А. Венгрия қуануда. / Ауд. венгер тіл. — М.—Л., 1930, 1931 Гидаш А. Көтерілістегі Венгрия өлеңдерде. / Ауд. венгер т. — М., 1932 Вафа, Ахмет Эс-Хабиб. Дауыл алды. / Ауд. үнді. — М., 1933. Вафа, Ахмет Эс-Хабиб. Жаралар жанады. / Ауд. үнді. — М., 1933. Гидаш А. Жер қозғалады. / Ауд. венгер. — М., 1934 Гидаш А. Жұмыскер-авторға менің өнерпаздық тәжірибем. / Ауд. венгер. — М., 1935 Гидаш А. Жаңа өлеңдер. / Ауд.венгер. — М., 1935 Вафа, Ахмет Эс-Хабиб. Сықырлау. / Ауд. үнді. — М., 1936. Гидаш А. Жас мемлекет туралы өлеңдер. / Ауд. венгер. — М., 1936 Церетели А. Тамар Цбиери. / Ауд. грузин. — Тбилиси, 1948 Церетели А. Патара Кахи. / Ауд. грузин. — Тбилиси, 1949 Элляй. Чурумчуку. / Пер. с якутского. — Якутск, 1946; М.—Л., 1954.
Әдебиет Мацуев.Н Орыс совет жазушылары 1917-1967: Биографиялық сөздік үшін материалдар. — М.: Совет жазушысы, 1981. — б. 117. [Некролог] // Совет газетасы, —1953, №54.
Сілтемелер Л.Озеровтың өмірбаяндық очеркі Александр Кочетков барлық өлеңдері «Темекі сіңген пойыз туралы баллада» өлеңінің тексті Л.Озеровтың «Александр Кочетков» мақаласы Александр Кочетков
Санат:12 мамырда туғандар Санат:1900 жылы туғандар Санат:КСРО жазушылары Санат:Ресей жазушылары Санат:Орыс жазушылары Санат:Орыс аудармашысы