Бюкк () — Венгриядағы өзі аттас таудың беткейінде орналасқан ұлттық парк. Парктің негізі 1975 жылы қаланған.

Географиясы Солтүстік Альфольд аймағында, Эгер мен Мишкольц қалаларының арасындағы Боршод-Абауй-Земплен медьесінде орналасқан. Табиғат қорғау аймағының аумағы 431,3 шаршы километрді қамтиды.https://womanadvice.ru/nacionalnyy-park-byukk Национальный парк Бюкк Бюкк- ұлттық паркі Сильвашварадпен Лиллафюред аралығында Солтүстік тауларда орналасқан Венгрияның ең үлкен ұлттық парктерінің бірі боып саналады. Национальный парк Бюкк - Bükk National Park Национальный парк Бюкк https://ru.other.wiki/wiki/B%C3%BCkk_National_Park

Парк орналасқан Бюкк шоқысы негізінен әктастардан тұрады. Тауларда карст құбылыстары жоғары дамыған және көптеген үңгірлер, термалды бұлақтар бар. Карст үңгірлерінен ең танымалы -Иштван үңгірі. 700 м-ге дейін жерасты өткелдері, әдемі тас түзілімдері бар үңгір залдары және кішкентай көлі бар. Кейбір бұлақтардың температурасы 28 ° C-қа жетеді. Сарқырамалары өте ерекше - олардың көпшілігі биік болмаса да, өте әдемі. Тау бөктерлерінің төменгі бөліктерінде бау-бақшалар мен жүзімдіктер көп, шыңдарында емен және шамшат ормандары бар. https://tourweek.ru/countries/hungary/bukk_np Бюкк Национальный Парк (Bükk National Park)

Флорасы Ұлттық парк аумағының 95%-н шамшат және еменді ормандар алып жатыр. Парк флорасы орхидеялардың көптеген түрлерінің болуымен ерекшеленеді. Терең салқын шатқалдарда Венгрияда сирек кездесетін шегіргүл, лалагүл, жібілген, уқорғасындар сияқты өсімдіктер түрлері кездеседі.

Фаунасы Парктің жануарлар әлемі олардың көптүрлі болуымен сипатталады. Ірі сүтқоректілері кермарал, елік, жабайы шошқа, муфлондар тау жартастарында мекендейді. Жыртқыштардан өте сирек кездесетін сілеусін, түлкі, борсықтар кездеседі. Үңгірлерде жарқанаттардың көптеген түрлері бар. Құстардын бүркіт, сұңқар, ителгі, жыланшы бүркіт, үкі мекен етеді. Бауырмен жорғалаушылардан жыландар, кесірткелер, тритондар кездеседі.

Дереккөздер

Сілтемелер https://www.youtube.com/watch?v=shilohK6OvY ВЕНГРИЯ - Национальный парк Бюкк.

Санат:Мажарстан ұлттық парктері