Иманғазинов Баймұхан (1902 жыл - 1 қаңтар 1995 жыл)— Ұлы Отан соғысының еңбек ардагері, пулеметші жауынгер, I топтағы Ұлы Отан соғысының мүгедегі, кенші-металлургhttp://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1576268 .

Соғыс жылдары Иманғазинов Баймұхан Павлодар облысы Баянауыл ауданының Әскери Комиссариатының шақыртуымен 1942 жылдың тамыз айында майданға аттанған. Майдан жолдары Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарының бірі, әйгілі де, күрделі Орёл-Курск доғасынан бастау алады. Басында 44-ші Батыс атқыштар полкында пулеметші болса, кейінірек 81 дивизияның 410-шы және 568-ші полктерінің сапында пулеметшілер бөлімшесінің командирі ретінде жалғастырып, Беларусь, Польша мен Чехословакия жерлерінде өз әскери жолын аяқтаған. Тіпті Берлин бағытындағы шайқастарға да қатысқан. Майдан даласында 1943 жылы Совет Одағының коммунистік партиясының қатарына қосылған.

Оның майдан шебіндегі ерлігі Ресейдің "Подвиг народа" атты ғаламтор парақшасында жазылған мына бір деректе былай деп көрсетіледі: "1944 жылдың 8-ші қаңтарында Полесск облысының Буда селосы үшін күресте пулеметпен 23 фашист солдаттары мен 1 фашист офицерінің көздерін жойған. Бас сүйегінен жарақат алса да, шайқастан шығудан бас тартып, тек 1944 жылыдың 9-шы қаңтарында аяғы мен қолы жарақатталғаннан кейін ғана санитарлық ротаға жіберілді".

Соғыстың соңғы күндерінде Чехословакияның астанасы Прага қаласын жаудан азат ету операциясында болады. Бұл операция 1945 жылы 9 мамырында аяқталған. Марапаттары "III дәрежелі Даңқ ордені"http://podvignaroda.ru/?#id=20480752&tab=navDetailManAward "I дәрежелі Отан соғысы ордені" "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медаль" "Берлин алған үшін медаль" "Праганы босату үшін медаль" "Ерлік үшін медаль"http://podvignaroda.ru/?#id=21439836&tab=navDetailManAward "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл медаль" "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл медаль" "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл медаль" "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл медаль" Соғыстан кейін Зейнеткерлікке шыққанға дейін Павлодар облысы Баянауыл ауданы "Майқайыналтын" комбинатының Төртқұдық кенбайыту фабрикасында шебер-металлургhttp://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1576268&simple=true&lang=kk# болып істеген. Денсаулығына байланысты I топтағы Ұлы Отан соғысының мүгедегі болса да, өз елінің тұрмыс тіршілігіне, болашақ ұрпақ тәрбиесіне белсене ат салысты. Тағы қараңыз Рақымжан Қошқарбаев Бауыржан Момышұлы Бейімбет Майлин

Дереккөздер

Общественно-политическая гаета "Вперед"- 8 мая 1991г. - №37(2845). "Есімде менің сол бір кез..." кітабы, авторы- Иманғазинов Сағит Баймұханов.