«Расёмон» (羅生門) — Акира Куросаваның 1950 жылы шыққан ақ-қара түсті фильмі. Рюноскэ Акутагаваның «Ну тоғайда» атты әңгімесінің экранизациясы болып келеді. Фильм атауы Жапонияның көне астаналарындағы Расёмон қақпасына байланысты қойылған.
Мұнда кино үшін алғаш рет бір оқиға бірнеше көзқарастан көрсетіліп бейнеленеді. «Расёмон» жалпы жапониялық кинематографтың әлемдік сахнада танылуына зор үлес қосты.Wheeler Winston Dixon, Gwendolyn Audrey Foster. A Short History of Film — Rutgers University Press, 2008. Бұл фильм көптеген халықаралық сыйлықтарға ие болды, оның ішінде «Оскар» және «Алтын арыстан» да бар.
Сюжеті Расёмон қақпасының астына жаңбырдан тасаланып, үш адам жиналып қалады. Ағаш кесуші және монах қарапайым тыңдаушыға сотқа куәгерлер ретінде қатысқанын айтады. Сотта тоғайдағы самурайдың өлімі мен әйелінің зорлануы туралы іс қаралды. Болған жайды сот алдында алдымен қарақшы баяндайды, сосын самурайдың әйеліне сөз беріледі, кейін бақсының көмегімен самурайдың жаны шақырылады, соңында денені тапқан ағаш кесуші өз көргенін айтады.
Рөлдерде Такаси Симура — ағаш кесуші Кикори Минору Тиаки — монах Китидзиро Уэда — тыңдаушы Тосиро Мифунэ — қарақшы Тадзомару Матико Кё — самурайдың әйелі Масако Канадзава Масаюки Мори — самурай Такэхиро Канадзава Норико Хонма — бақсы Дайсукэ Като — полицей
Дереккөздер
Санат:Акира Куросава фильмдері Санат:Жапон тіліндегі фильмдер Санат:1950 жылғы Жапония фильмдері Санат:Жапония ақ-қара түсті фильмдері Санат:Жапония тарихи фильмдері Санат:Жапония драма-фильмдері Санат:Самурайлар туралы фильмдер Санат:Үздік шет тіліндегі фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (фильмдер)