Қалалық шу – қала тұрғындарының организміне қолайсыз әсерін тигізетін физикалық фактор, яғни гигиеналық шараларды талап ететін коммуналдық гигиена бағыттарының бірі. thumb|right|300px|Шудан қорғау экраны конструкциясының түрлерінің бірі Шу және оның нормалары Серпімді орта (ауа, сұйық, қатты зат) бөлшектерінің белгілі бір күштің әсерінен туған толқынды тербелісті дыбыс деп атайды.

Серпімді ортаның тербеліс қозғалысы белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқындарын тудырады және герцпен (Гц) белгіленеді. Гц 1 секунд ішіндегі дыбыстың бір тербелісіне тең. Жиілігі 16-20000 Гц-қа дейінгі аралықта болатын дыбыстарды ғана адам ести алады. Бірақ төменгі жиілікті (400 Гц-тан төмен) жоғары жиілікке қарағанда адам нашар естиді. Адам жасы ұлғайған сайын жоғарғы жиілікті дыбыстарды да (20000-нан 12000 Гц-ке дейін) нашар ести бастайды. 800-6000 Гц аралығындағы дыбыстарды адамның есту жүйесі өте жақсы естиді. Жиілігі 16 Гц-тан төмен дыбыстар инфра дыбыс деп аталады, 20000 Гц-тан жоғарғы дыбыс ультра дыбыс деп аталады. Адамның есту мүшесі бұл дыбыстарды қабылдамайды.

Адам организміне қолайсыз әсерін тигізетін, оның жұмысы мен демалысына кедергі жасайтын дыбыстардың жиынтығы немесе әр түрлі жағымсыз дыбыстар шу деп аталады.

Шудың диапазоны 16-400 Гц аралығыңда болғанда – төменгі жиілікті, ал 400-1000 Гц аралығында – орташа жиілікті, 1000 Гц-тан жоғары – жоғары жиілікті деп аталады. Ауада таралатын дыбыс толқындары ауалық дыбыс деп аталады. Бұл кезде дыбыстың шығу көзімен жанасқан ауа тербеліс үрдісіне қатысады да, оның бөлшектері араласып, атмосфералық қысымды өзгертеді. Атмосфералық қысымға қосымша дыбыстың әсерінен пайда болатын қысым дыбыстық қысым деп аталады. Ол Ньютонның 1 шаршы м-ге қатынасымен өлшенеді (Н/м2).

Дыбыстың жылдамдығы оның таралатын ортасының тығыздығына байланысты. Орта тығыз болған сайын, дыбыстың жылдамдығы да жоғарылайды. Ауада ол 334 м/сек-қа тең, ағашта – 400 м/сек, суда – 1430 /сек, кірпіште – 3000 м/сек тең және т.с.с. Дыбыс толқынының нақтылы энергиясы бар және ол дыбыстың күшін анықтайды. Дыбыс күші 1 секунд ішінде 1 шаршы метр ортадан өтетін дыбыс энергиясының саны. Дыбыстың қуаттылығы немесе қарқындылығы В/м2-пен өлшенеді. Дыбыстың қаттылығы деп дыбыстың есту мүшелерімен қабылданатын шамасын айтады. Дыбыстың физикалық шамасы, яғни оның қарқыңдылығынан айырмашылығы – қаттылық субъективті шама және ол әр адамның өзіндік естуіне байланысты. Дыбыс параметрлерінің шамасы өте кең ауқымда өзгеріп отырады және оларды абсолюттік бірлікте (Н/м2 және Вт/м2) өлшесек, 10-13 белгісі бар сандар шығады. Сондықтан шуды ыңғайлы бағалау үшін дыбыстың қысымы мен қарқындылығының абсолюттік шамасын емес, олардың логарифмді бірліктеріндегі салыстырмалы деңгейін қолданады. Бұл үшін Бела шкаласын пайдаланады, оның әрбір сатысы бел деп аталады және алдындағымен салыстырғанда дыбыстың 10 есе күшеюіне сәйкес келеді. Практикалық мақсатта децибелді (10 еседен аз шама) қолданады.

Децибел шкаласы есту дәрежесінен басталады және пайда болған шудың осы дәрежеден қанша есе жоғары екенін көрсетеді. Мұны қолдану өте ыңғайлы, себебі дыбыс қарқындылығының есту шегінен ауыру сезімінің шегіне дейінгі барлық диапазоны 140 дБ сыйып орналасады. Мұндай жағдайда дыбыс қысымының шекті шамасын стандарт ретінде пайдаланады. Кейде шу қарқындылығы фонмен көрсетіледі. Фон – бұл дыбыс қысымының деңгейі 1 дб-ге сәйкес 1000 Гц жиіліктегі дыбыс.

Шудың шығу көздері тудыратын дыбыстық қысымның деңгейлері: қалта сағаты (1 м қашықтықта) – 20 дБ; сыбыр (0,3 м қашықтықта) – 40 дБ; сыбыр (1 м қашықтықта) – 20-30 дБ; орташа дауыста сөйлеу (1 м қашықтықта] – 60 дБ; Жапырақтардың сыбдыры – 30-40 дБ; автомобиль сигналы – 60-100 дБ; токорь станогы – 80-90 дБ; тоқу станогы – 100-105 дБ; жүк таситын автомобиль (7 метрде) – 90-100 дБ; дизельді автомобиль (1 метрде) – 110-115 дБ; поршеньді ұшақ (2-3 метрде) – 120-130 дБ; реактивті ұшақ (2-3 метрде) – 140-170 дБ. 140 дБ-дегі дыбыстық қысым адамның есту мүшесінде ауыру сезімінің пайда болуына әкеліп соғады, ал қысым одан әрі жоғарыласа, есту анализаторына зақым келеді.

Кез-келген шудың шығу көзінің дыбыстық энергиясы жиілік спектрін құрайтын жиілік бойынша белгіленеді. Тәжірибе жүзінде шуды өлшеу үшін және акустикалық есептеу жүргізу үшін барлық спектрді нақтылы ені бар орташа геометриялық жиіліктерге бөледі. 1:2 тең шекті жиіліктердің қатынасы октава деп аталады. Шудың барлық диапазоны 9 октаваға бөлінеді: 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000; 8000 Гц. Шу спектрінің октавалық жолақтарға бөлінуі әр түрлі шығу көздерін салыстырып бағалауға мүмкіндік береді, атап айтқанда, машиналардың, сондай-ақ дыбыстық қысым деңгейін нормалауға мүмкіндік береді. Кез-келген шудың құрамында дыбыстардың барлық жиілігі болады, бірақ жекелеген октаваларға уақыт бойынша өзгеретін дыбыс қысымының әр түрлі деңгейі сәйкес келеді. Сондықтан барлық шулар спектр бойынша ғана емес, уақыт белгілері бойынша да бөлінеді. Іс жүзінде шудың негізгі екі параметрінің маңызы зор: Жиіліктің октавалық жолақтарындағы дыбыс қысымының деңгейі дБ-мен өлшенеді және толық акустикалық сипаттама береді. Дыбыс деңгейі дБА-мен өлшенеді. Дыбыс деңгейі дегеніміз октава бойынша бөлінбеген қосындылы дыбыс қысымының деңгейі. Ол есту мүшелерімен шуды қабылдаудың жақын жиілік сипаттамасын береді және шуды бір сандық белгімен бағалайды. Бұл параметрлер шудың сипатына байланысты пайдаланылады.

Шудың жіктелуі Шудың жіктелуі октавалық жиіліктер бойынша дыбыс қысымы деңгейінің бөлінуіне және олардың уақыт бойынша өзгеруіне негізделген. Шу негізгі екі белгілері бойынша бөлінеді: спектрлік және уақыт бойынша. Спектрлік белгілері бойынша: Кең жолақты шу – ені бір октавадан көп үздіксіз спектрлі шу. Тональді шу – бір спектрде басқа октаваларға қарағанда 10 дБ-дан жоғары дискретті (таза) дыбыстары болатын шу. Уақыт параметрлері бойынша: Тұрақты шу – дыбыс деңгейі уақыт бойынша 5 дБ-дан көпке өзгермейтін шу. Тұрақсыз шу – дыбыс деңгейі уақыт бойынша 5 дБ-дан көпке өзгеретін шу. Тұрақсыз шу үш түрге бөлінеді: тербелісті, үздікті және импульсті. Тұрақты шуға тұрақты жұмыс істейтін электр қондырғыларының (насосты, вентиляциялық, компрессорлық) шулары жатады. Тұрақсыз шулардың көздері өте көп, сонымен қатар олар ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған түрінде болады. Бұларға транспорттың барлық түрі (жердегі, ауадағы, судағы), барлық циклді өнеркәсіп қондырғылары және барлық кездейсоқ шулар жатады.

Шудың гигиеналық параметрлері Шуды бағалаудың анықталған әдістері: Тұрақты шуды нормалайтын параметрлер ретінде, жиіліктердің октавалық жолақтарындағы (дыбыс қысымының октавалық деңгейлері – L) дыбыс қысымының (дБ) деңгейлері алынады. Болжамды бағалау үшін дыбыс деңгейін L (дБА) пайдалануға болады. Тұрақсыз шуды нормалайтын параметрлер (энергия бойынша) дыбыстың эквивалентті деңгейі (LАэ|П 1 дБА) және дыбыстың максималды деңгейі (L А макс.дБА) болып табылады. Белгілі бір тұрақсыз шудың эквиваленттік (энергия бойынша) дыбыс деңгейі, дыбыс қысымы осындай тұрақты кең жолақты шудың дыбыс деңгейіне сәйкес келеді. Максималды деңгей өлшеудің 1 пайыз уақыты ішіндегі дыбыс өлшегіштің (шумомер) максималды көрсеткішіне сәйкес келеді. Рұқсат етілген деңгейлері бойынша тұрақсыз шуды бағалау міндетті түрде бір уақытта екі параметр бойынша жүргізіледі: эквивалентті және максималды. Бұл кезде дыбыстың максималды деңгейінің нормативтері эквивалентті нормативтерден 15 дБА жоғары болады.

Адамдар күндіз-түні болатын бөлмелерде дыбыс деңгейі күндізгі және түнгі уақыт үшін жеке-жеке нормаланады. Олардың айырмашылығы 10 дБА болады. Санитарлық нормада шудың сипаттамасына және нысанның орналасқан жеріне байланысты рұқсат етілген деңгейлерге түзетулер енгізіледі. Мысалы, тональді және импульсті шулар үшін демалыс орындарында нормативтер 5 дБА-ға төмендетіледі, яғни рұқсат етілген деңгейі қатаңдатылады, ал салынып біткен құрылыс аудандары үшін 5 дБА-ға жоғарылатылады. Шудың нормативті деңгейлерін барлық министрліктер мен мекемелер міндетті түрде орындаулары тиіс. + Шудың нормалары р/н Бөлмелер Уақыты Эквивалентті деңгейі (дБА) Максималды деңгейі (дБА) LAJKB L A макс 1 Ауруханалар мен шипажай палаталарында күндіз 35 50 түнде 25 40 2 Оқу мекемелерінің бөлмелерінде күндіз 40 55 түнде 40 55 3 Тұрғын бөлмелерде күндіз 40 55 түнде 30 45 4 Мейманханалар мен жатаханаларда күндіз 45 60 түнде 35 50

Қалалық шудың шығу көздері Қалалық шуды 4 негізгі түрге бөлуге болады: транспорттық, кварталдық, өндірістік, пәтерлік. Алғашқы 3 түрі сыртқы шуға (ғимараттың сыртында), ал пәтерлік — ішкі шуға (ғимараттың ішінде) жатады.

Транспорттық – қазіргі уақытта қала жағдайындағы ең көп тараған түрі. Шығу көздері — автомобильдер, трамвайлар, троллейбустар және темір жол мен әуе транспорттары. Олар жалпы шудың 80 пайызын құрайды. Автотранспорт қалалық шудың шығу көзі болып саналады және ол үш факторға байланысты: қозғалыс қарқындылығы, қозғалыс жылдамдығы және транспорт ағынының құрамы. Қозғалу жылдамдығы жоғары болған сайын шу деңгейлерінің шамалары да жоғары болады. Транспорт жылдамдығы жоғары жолдарда бұл көрсеткіш – 87 дБА, магистралды жолдарда – 85 дБА, аудандық жолдарда 81 дБА-ға жетеді. Қазіргі ірі қалаларда машиналар қозғалысының қарқындылығы сағатына 5-10 мың бірлікке дейін және одан да жоғары болуы мүмкін. Бұл кезде өндірістік орталықтарда және құрылысы жаңадан жүріп жатқан қалаларда транспорт ағынының 90 пайызына жуығы ауыр жүк транспортына келеді. Шу транспорт жүретін жолдардан тек магистралдардың жанына орналасқан аумақтарға ғана емес, тұрғын құрылыстың түкпіріне дейін енеді. Қалалық транспорттардың барлық түрлерінің ішінде трамвай ең шулы болып саналады. Оның қозғалысынан туатын шудың деңгейі автомобильден шығатын шуға қарағанда 10 дБА-ға жоғары. Бірақ транспорттың осы түрінен бірқатар артықшылықтарына (атмосфераны ластамайды, шығыны өте аз) байланысты бас тартпайды. Сондықтан қазіргі уақытта бірқатар елдерде трамвай жолдары салынып және бұрынғылыры кеңейтілуде.

Қалалық транспорттық шудың құрамына теміржол транспорты да кіреді. Жүріп бара жатқан жолаушылар таситын пойыздан 7,5 м қашықтықта дыбыс деңгейі 91 дБА-ға, жүк таситын пойыздан – 92 дБА-ға, электропойыздан – 93 дБА-ға жетеді. Бұл кезде дыбыс деңгейі қозғалу жылдамығына тура пропорционалды, тұрғын құрылыстардың шекарасындағы шу 62-72 дБА болады, сондықтан тұрғын ел көбінесе шағым жасайды. Темір жолдан 300 м қашықтықта да дыбыс деңгейі фондық деңгейден жоғары болады. Ірі қалалардағы шу тәртібіне метрополитеннің ашық жолдары да әсерін тигізеді. Осы учаскелердің қасында шу деңгейі 85 дБА-ға дейін жетеді.

Соңғы жылдары бірқатар елдерде авиациялық шудың да мәселесі сөз болып жүр. Кейбір кезде әуежайлар тұрғын аудандарға өте жақын орналасады, ал әуе жолдары көптеген елді мекендердің үстімен өтеді. Авиация арқылы жүк тасудың көбеюі және әуежайдың күні-түні жұмыс істеуі көптеген мәселелер туғызуда. Олардың айналасында дыбыстың эквиваленттік деңгейі түнгі уақытта 78 дБА-ға жетеді, максималды деңгейі – 108 дБА болады. Кейбір қалаларда авиациялык шу қалалық жалпы шудың басты шығу көзі болып табылады.

Қалалық транспорттан пайда болатын шудың төменгі және орташа жиіліктегі параметрлері болады және өте қашық жерлерге дейін таралады. Дыбыстық қысымның максималды деңгейі 400-800 Гц аралығында болады. Көптеген акустикалық зерттеулер транспорт қозғалысының сипаттамалары мен тұрғын аудандардағы шу деңгейлерінің өзара байланысты екенін анықтады.

Кварталдық қалалық шу төменгі жиіліктен өте жоғары жиіліктікке дейінгі диапазонда болады. Шығу көздерінен 1 метр қашықтықтағы дыбыстың деңгейі: Қоқыстар жинағыш машиналардың – 71 дБА; Тауарларды түсіру – 70 дБА; Балардың ойыны – 74 дБА; Спорт ойындарды – 60-75 дБА; Өндірістік. Кәсіпорын мекемелерінің тұрғын аудандарға жақын орналасуы акустикалық талаптың бұзылуына әкеп соқтыратын елеулі фактор болып табылады. Нысандардағы шудың шығу көздері өте әр түрлі болады. Спектрлік белгілері бойынша бұлар көбінесе кең жолақты шу болып келеді, ал уақыт бойынша – тұрақты болады.